Парниктік газдар шығарындыларына сертификат алу үшін өтініш нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 124-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 14 маусымда № 8509 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 21.02.2014 N 26/9 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес Шиелі ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2013 жылға арналған Шиелі ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі аудандық мәслихатының
      сессиясының төрағасы                     Б. Әшірбеков

      Шиелі аудандық
      мәслихатының хатшысы                     Ә. Оразбекұлы