Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 мамырда № 8473 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 17.01.2020 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру қағидасы бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Шекаралық аймаққа келуге және онда тұруға Рұқсаттама мен рұқсат беру тәртібі туралы нұсқауды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1994 жылғы 4 сәуірдегі № 92 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 97 болып тіркелген);

      2) "Шекаралық аймаққа келуге және онда тұруға Рұқсаттама мен рұқсат беру тәртібі туралы нұсқауды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 1994 жылғы 4 сәуірдегі № 92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3824 болып тіркелген, 2006 жылғы 27 қаңтарда "Заң газетінің" № 13-14 (993-994) санында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 24 сәуірдегі
№ 281 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы
тұрғынының куәлігін беру қағидасы

      1. Осы Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін (бұдан әрі - шекара аймағы тұрғынының куәлігі) беру тәртібін белгілейді.

      2. Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекара аймағы тұрғынының куәлігін олардың тіркелген орны бойынша ішкі істер органдары осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес береді.

      Шекаралық аймақ тұрғынының куәлігі тұруға ықтиярхат пен азаматтығы жоқ адамдар куәлігінің жарамдылық мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

      3. Шетелдіктің жаңа тұруға ықтиярхатын немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін алған кезде шекара аймағының тұрғыны куәлігінің жарамдылық мерзімі тағы да осындай мерзімге ұзартылады.

      4. Шекаралық аймақ тұрғыны куәлігін ұзартқан жағдайда ол көші-қон қызметінің уәкілетті қызметкерінің қолымен және аумақтық ішкі істер органының елтаңбалы мөрімен расталады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 17.01.2020 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Әрбір шекаралық облысқа арнайы сериядағы куәлік бекітіледі:

      Алматы облысы – "АО";

      Шығыс Қазақстан облысы – "ШҚ".

      6. Берілген шекара аймағы тұрғынының куәлігі шекара аймағы тұрғынының куәлігін тіркеу журналына осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеледі.

      7. Әрбір ресімделген куәлікке Қазақстан Республикасының қалалары мен аудандарының стандарттық кодына сәйкес ауданның (қаланың) үштаңбалы кодынан тұратын нөмір және бөлшек арқылы – тіркеу журналы бойынша реттік нөмірі беріледі.

      Барлық кодтар, сондай-ақ тіркеу мекенжайлары және оларда қабылданған қысқартулар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен бекітілген "Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кодтар мен қысқартулардың анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 17.01.2020 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Шекара аймағы тұрғынының куәлігін алу үшін тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар:

      1) тиісті ішкі істер органы басшысының атына тегін, атын және болған жағдайда әкесінің аты көрсетіле отырып толтырылған, тіркеу орны бойынша еркін нысанда өтініш;

      2) шетелдіктің тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін (он алты жасқа дейінгі балалар – туу туралы куәлік);

      3) 3,5 х 4,5 сантиметр екі фотосурет ұсынады.

      9. Шекара аймағы тұрғынының куәлігінде азаматтың тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күні туралы мәліметтер жазылады. Фотосурет ішкі істер органының елтаңбалы мөрімен расталады, тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы толық көрсетіледі. "Берген орган" бағанында ішкі істер органының атауы көрсетіледі.

      10. Шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру мерзімі шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру туралы өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 күнді құрайды.

      11. Шетелдік тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін не болмаса шекара аймағы шегінде тіркеу орнын өзгерткен кезде шекара аймағы тұрғынының куәлігі тиісінше ауыстыруға жатады.

      12. Шекара аймағынан тыс жерге шығумен байланысты тіркелген орны ауысқан кезде шекара аймағы тұрғынының куәлігін тиісті ішкі істер органы алады.

      13. Осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынбау шекара аймағы тұрғынының куәлігін беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.

  Қазақстан Республикасының шекаралық
аймағында тұрақты тұратын шетелдіктерге
және азаматтығы жоқ тұлғаларға шекара
аймағы тұрғынының куәлігін беру
қағидасына 1-қосымша
нысан

      Шекара аймағы тұрғынының куәлігі

      (көлемі 80 х 110)

      Алдыңғы беті

Шекара аймағы тұрғынының куәлігі

_______________ СП N __________________________

| | _______________________________

| | Тегі

| | _______________________________

| ФОТО Аты

| | _______________________________

| | Әкесінің аты

| | _______________________________

| | туған күні

|_______________|_______________________________

шетелдіктің туруға ықтиярхатының, азаматтығы жоқ

тұлға куәлігінің, туу туралы куәлігінің нөмірі ________________

М.О.


      Артқы беті

__________________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________
Тіркелген мекенжайы
Қолдану мерзімі _____________________________дейін
Берілген күні 20 __ жылғы "___" __________________
_________________________________________________
Куәлікті берген орган
___________ дейін ұзартылды
лауазымды тұлғаның қолы
М.О.

  Қазақстан Республикасының шекаралық
аймағында тұрақты тұратын шетелдіктерге
және азаматтығы жоқ тұлғаларға шекара
аймағы тұрғынының куәлігін беру
қағидасына 2-қосымша
нысан

Шекаралық аймақ тұрғынының куәлігін тіркеу журналы

р/с

Берілген күні

Шекара аймағы тұрғыны куәлігінің сериясы, нөмірі

Алушының Т.А.Ә.

Тіркеу мекенжайы

Алушының қолы

1

2

3

4

5

6