"Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуді/әкетуді келісу" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 15 сәуірде № 8428 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 282 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 151 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс          

      «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 524-құжат; 2004 ж., № 21, 265-құжат; 2006 ж., № 1, 1-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақ алып тасталсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ 2013 жылғы 26 наурыздан ерте емес, қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев.

Қазақстан Республикасы 
Президентінің    
2013 жылғы 22 наурыздағы
№ 525 Жарлығымен  
бекітілген     

Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ереже

       Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы осы ереже мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiн қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін регламенттейдi.

1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві

      1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві (бұдан әрі – «А» корпусының кадр резерві) – «А» корпусының бос мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған жүйеленген тізімі.
      «А» корпусының кадр резервін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «А» корпусының кадр резервіне алу үшін Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) ұсыным берген азаматтар қатарынан қалыптастырады.
      2. Лауазымынан босатылған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі босатылған күнінен бастап бір жылға Ұлттық комиссияның шешімі бойынша кадр резервіне алынады. Лауазымынан терiс себептермен босатылған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі кадр резервіне алынбайды.
      3. «А» корпусының кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеу Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Лауазымдары «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына өзгертілген мемлекеттік қызметшілер «А» корпусының кадр резервіне Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде айқындалатын тәртіппен, Ұлттық комиссияның шешімі бойынша алынады.
      5. «А» корпусының кадр резервінен шығару үшін:
      1) «А» корпусының кадр резервіне алынған адамның өтініш беруі;
      2) осы Ереженің 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, «А» корпусының кадр резервіне алынған күнінен бастап екі жыл өтуі;
      3) «А» корпусының резервшiсінiң көрiнеу жалған мәлімет бергенiн және құжаттарды бұрмалағанын айғақтайтын фактiлердің анықталуы;
      4) «А» корпусының кадр резервiне алу туралы шешiм қабылдау сәтiнде беймәлiм болған немесе орын алмаған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың мемлекеттiк қызметте болуын шектейтiн негiздердің туындауы;
      5) мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атқаратын лауазымынан теріс себептер бойынша босатылған;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оның ішінде тәртіптік істерді, мемлекеттік органдар өткізген бағалау материалдарын қарау нәтижелері бойынша Ұлттық комиссияның ұсынымдары негіз болып табылады.

2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві

2.1. Жалпы ережелер

      6. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві (бұдан әрі – «Б» корпусының кадр резерві) – «Б» корпусының бос мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған жүйеленген тізімі.
      7. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары «Б» корпусының кадр резервiне алу туралы шешiм қабылдаған сәттен бастап, резервке алу туралы өтiнiш берген азамат «Б» корпусының кадр резервiнде тұратын адам (бұдан әрi – резервшi) мәртебесiне ие болады. Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервiнде тұру бiр жылдан ұзаққа созылмайды.
      Резервшiлерді «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметі лауазымдарының тиiстi немесе төменгi санаты лауазымына тағайындау лауазымдар санаттарының бiр тобы шегiнде жүзеге асырылады.
      Резервшілерді тағайындау «Б» корпусының кадр резервіне алынған күнінен бастап бiр жыл iшiнде өздерiнiң келiсiмiмен және біліктілік талаптарына сай болғанда жүзеге асырылады.
      8. «Б» корпусының кадр резервiн мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары:
      1) конкурстық iрiктеуге қатысқан және мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы кадр резервiне алу үшін ұсыным берген;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша оқудан өткен;
      3) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия айқындайтын басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын аяқтаған;
      4) мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтардың қатарынан қалыптастырады.
      9. «Б» корпусының кадр резервi Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiне сәйкес «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарының әрбiр санаты үшiн қалыптастырылады.
      10. «Б» корпусының кадр резервiне алу азаматтардың өзінің ерікті қалауы негiзiнде, осы Ережеде белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық органдарының шешiмiмен жүзеге асырылады.
      11. Резервшi жөнiндегi деректердi мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүйеленген тiзiмге енгiзедi және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган бекiткен тиiстi тiркеу нысандарын толтырады.
      12. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының ұсынымы бойынша «Б» корпусының кадр резервiне алынған резервші конкурстық комиссиясы оны алуға ұсынған мемлекеттік органға ғана «Б» корпусының кадр резервiнен конкурстан тыс тәртіпте тағайындалады.
      Резервшiнiң заңнамада белгiленген тәртiппен «Б» корпусының мемлекеттiк әкімшiлiк қызметінiң бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысу құқығы сақталады.
      13. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының резервшi бiлiктiлiк талаптарына сай болған жағдайда өз өтiнiшi бойынша оны лауазымдар санатының бiр тобы шегiнде төменгi санаттағы лауазымдарға орналасу үшін «Б» корпусының кадр резервiне ауыстыруға құқығы бар.
      14. «Б» корпусының кадр резервiмен жұмысты ұйымдастыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органға және оның аумақтық органдарына жүктеледі.
      15. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдарының «Б» корпусының кадр резервiмен жұмысты ұйымдастыру жөнiндегi өзара iс-қимыл тәртiбiн мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды.

2.2. «Б» корпусының кадр резервiн конкурстық iрiктеуге қатысқан азаматтар қатарынан қалыптастыру

      16. «Б» корпусының кадр резервiне алу үшін мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы ұсынған азаматтар «Б» корпусының кадр резервiне конкурс жарияланған лауазым санаты бойынша алынады.
      «Б» корпусының кадр резервiне алу туралы мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы ұсынымдары әрбiр бос лауазым үшiн бiр кандидаттан артық болмайтындай етіп шығарылады.
      Егер конкурстың нәтижесiнде бос лауазымға орналасуға кандидат анықталмаса, конкурсқа қатысушылардың ешқайсысына «Б» корпусының кадр резервiне алу үшiн ұсыным берілмейді.
      17. «Б» корпусының кадр резервiне алу туралы ұсыным үшiн негiздер конкурсқа қатысушының бос лауазым үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi, шекті мәнді қанағаттандыратын тестiлеу көрсеткіштерi мен мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы жүргiзген әңгiмелесудiң нәтижелерi болып табылады.
      18. «Б» корпусының кадр резервiне алу үшiн ұсыным жасау туралы шешiмдi мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы дауыс беру арқылы қабылдайды.
      19. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының шешiмi, егер отырысқа оның құрамының кемiнде үштен екiсi қатысқан және мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiгi оны қолдап дауыс берген болса, заңды деп есептеледi. Комиссия мүшелерiнiң қатысуы ауысу құқығынсыз жүзеге асады.
      Комиссия мүшелерiнiң сырттай дауыс беруiне рұқсат етiлмейдi.
      20. «Б» корпусының кадр резервiне алу үшiн конкурс өткiзушi мемлекеттiк орган он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына конкурстық комиссия отырысының «Б» корпусының кадр резервiне алуға ұсыным жасау жөнiндегi хаттамасынан үзiндiнi, конкурсқа қатысушының жеке iспарағын және оның «Б» корпусының кадр резервiне алынуға жазбаша келiсiмiн ұсынады.
      21. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары осы Ереженiң 20-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін жетi жұмыс күнi ішінде «Б» корпусының кадр резервiне алу немесе мұндай алудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Бас тарту үшiн негiздер конкурсқа қатысушының осы Ереженiң 17-тармағының талаптарына сай болмауы немесе мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган бекiткен Мемлекеттiк әкiмшiлiк бос лауазымға орналасуға кoнкуpc өткiзу қағидаларының бұзылуы болып табылады.

2.3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервiн Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша оқудан өткен немесе басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын аяқтаған азаматтар қатарынан қалыптастыру

      22. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалары бойынша оқудан өткен немесе басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын аяқтаған азаматтар үшiн «Б» корпусының лауазымдары тиiстi санаттарының кадр резервiне алыну құқығы оқуды аяқтаған сәттен бастап туындайды.
      23. Осы Ереженiң 22-тармағында санамаланған азаматтарды «Б» корпусының кадр резервiне алу олар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен тестiлеуден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
      24. Осы Ереженiң 22-тармағында аталған азаматтар «Б» корпусының кадр резервiне алыну үшiн мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық органдарына мынадай құжаттар ұсынады:
      1) өтiнiш және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша толтырылған сауалнама;
      2) бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелері немесе оқуды аяқтағанын растайтын құжаттардың түпнұсқалары, ал шетелдiң оқу орнын аяқтаған жағдайда сонымен бірге бiлiмi туралы құжаттардың немесе оқуды аяқтағанын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған аудармасы;
      3) еңбек қызметiн растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттардың көшiрмелерi;
      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
      5) «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметi лауазымдарының тиiстi санаты үшiн белгiленген тестілеуден өту нәтижелерi;
      6) 3х4 см көлемдегi бір фотосурет.
      Азаматтар салыстыруды жүзеге асыру үшін 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады, кейін құжаттар азаматқа қайтарылады.
      25. Азаматтар өздерiнiң бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейi мен жеке бас қасиетіне қатысты қосымша ақпарат (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар) ұсына алады. Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған жағдайда, еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмелерiн ұсыну талап етiлмейдi.
      26. Осы Ереженiң 24-тармағында көзделген өтiнiш және құжаттар түскен сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық органы азаматты «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметі лауазымының тиiстi санатына «Б» корпусының кадр резервiне алу немесе мұндай алудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      27. «Б» корпусының кадр резервіне алудан бас тарту үшін негіздер «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымының тиiстi санатына қойылатын үлгiлік бiлiктiлiк талаптарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасының талаптарына сай болмауы, тестілеуде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган белгілеген шекті мәннен төмен нәтижелер алуы немесе осы Ереженiң 24-тармағында көрсетiлген құжаттардың ұсынылмауы болып табылады.

2.4. Мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтардан мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiн қалыптастыру

      28. Мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтың «Б» корпусының кадр резервiне алыну құқығы халықаралық ұйымдардан немесе басқа мемлекеттерден жұмыстан оралған сәттен бастап туындайды және қайтып оралғаннан кейiн үш ай ішінде сақталады.
      29. Осы Ереженiң 28-тармағында санамаланған азаматтарды «Б» корпусының кадр резервiне алу олар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен тестiлеуден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
      30. Осы Ереженiң 28-тармағында аталған азаматтар «Б» корпусының кадр резервiне алыну үшiн мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық органына мынадай құжаттар ұсынады:
      1) өтiнiш және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша толтырылған сауалнама;
      2) бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелері немесе оқуды аяқтағанын растайтын құжаттардың түпнұсқалары, ал шетелдiң оқу орнын аяқтаған жағдайда сонымен бірге бiлiмi туралы құжаттардың немесе оқуды аяқтағанын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған аудармасы;
      3) еңбек қызметiн растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттардың көшiрмелерi;
      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiленген нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
      5) «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметi лауазымдарының тиiстi санаты үшiн белгiленген тестілеуден өту нәтижелерi;
      6) 3х4 см көлемдегi бір фотосурет.
      Азаматтар салыстыруды жүзеге асыру үшін 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады, кейін құжаттар азаматқа қайтарылады.
      31. Азаматтар өздерiнiң бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейi мен жеке бас қасиетіне қатысты қосымша ақпарат (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар) ұсына алады.
      32. Осы Ереженiң 30-тармағында көзделген өтiнiш және құжаттар түскен сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық органы «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметі лауазымдарының тиiстi санатына «Б» корпусының кадр резервiне алу немесе мұндай алудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      33. «Б» корпусының кадр резервіне алудан бас тарту үшін негіздер «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарының тиiстi санатына қойылатын үлгiлік бiлiктiлiк талаптарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасының талаптарына сай болмауы, тестілеуде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган белгілеген шекті мәннен төмен нәтижелер алуы немесе осы Ереженiң 30-тармағында көрсетiлген құжаттардың ұсынылмауы болып табылады.

2.5. «Б» корпусының кадр резервіне алынған азаматтардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуы

      34. Бос мемлекеттік әкiмшiлiк лауазым бар мемлекеттiк орган конкурс өткiзгенге дейiн тиiстi санатқа резервшiлердiң тiзiмiн беру туралы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық органына сұрату жолдайды. Сұрату мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган бекiткен нысанда жолданады.
      35. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық органы сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет лауазымдарының сұратылған санатына қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін резервшiлердiң тiзбесiн жолдайды.
      36. Мемлекеттiк орган резервшiмен әңгiмелесу өткiзеді.
      Мемлекеттiк орган резервшiлерге әңгімелесу өткізу орны мен уақыты туралы оны өткізгенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк қызметінің аталған лауазымының функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін сұрақтар тізбесін бекітеді.
      37. Мемлекеттiк орган бос мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға резервшiнi орналастыру туралы шешiм қабылдау кезінде осы мемлекеттiк органның конкурстық комиссиясының ұсынымы бойынша «Б» корпусының кадр резервiне бұрын алынған адамдардың кандидатураларын бiрiншi кезекте қарайды.
      Аталған мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының ұсынымы бойынша кадр резервіне алынған резервші бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға мемлекеттік орган белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, мемлекеттік орган осы резервшіні лауазымға қабылдауға міндетті.
      Егер «Б» корпусының кадр резервінде белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін бір резервшіден көбірек адам тұрған жағдайда, әңгімелесу кезінде неғұрлым көп сұраққа жауап берген резервші лауазымға тағайындалады.
      38. «Б» корпусының кадр резервінде осы Ереженің 37-тармағында көрсетілген резервшілер болмаған жағдайда, мемлекеттік орган белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін басқа резервшілермен әңгімелесу өткізеді. Бұл ретте әңгімелесу кезінде неғұрлым көп сұраққа жауап берген резервші лауазымға тағайындалады.
      39. «Б» корпусының кадр резервiнде лауазымдардың осы санаты бойынша немесе бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға мемлекеттiк орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн резервшiлер болмаған жағдайда мемлекеттiк орган конкурс өткiзеді.
      40. Мемлекеттiк орган қабылданған шешiм туралы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органды немесе оның аумақтық органын резервшілер тізімін алған күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге мiндеттi.
      41. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу жөніндегі жоғарыда көрсетілген шешiм туралы жазбаша хабарламаның негiзiнде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық органы «Б» корпусының кадр резервіне тиiстi өзгерiстер енгiзедi. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық органы мемлекеттiк орган таңдаған резервшiнi хабардар етедi, оның жеке iсін мемлекеттiк органға жолдайды.
      42. Резервшінің мемлекеттік қызметке кіруі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

2.6. «Б» корпусының кадр резервінен шығару

      43. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары азаматтарды «Б» корпусының кадр резервiнен шығаруды:
      1) резервшi мемлекеттiк қызметтiң бос әкiмшiлiк лауазымына орналасқан;
      2) резервшi «Б» корпусының кадр резервінен шығу туралы өтiнiш берген;
      3) «Б» корпусының кадр резервiне алу туралы шешiм қабылдау сәтiнде беймәлiм болған немесе орын алмаған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың мемлекеттiк қызметте болуын шектейтiн негiздер туындаған;
      4) осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген мерзiм өткен;
      5) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу тәртібі бұзылған;
      6) «Б» корпусының кадр резервіне алудың осы Ережеде белгіленген тәртібі мен шарттары бұзылған жағдайларда жүзеге асырады.
      44. Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервінің азаматтар алынған лауазымдар санаты өзгерген жағдайда олардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалуы жаңадан белгіленген санат бойынша жүзеге асырылады. Тағайындау мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтің кадр резервіне алынған күннен бастап бiр жыл iшiнде резервшілердің келiсiмiмен және олар бiлiктiлiк талаптарына сай болған жағдайда жүзеге асырылады.