Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешендік бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 542 бұйрығын

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8425 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 N 1173 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Сағынтаев                    -  Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Әбдірұлы               Министрінің бірінші орынбасары -
                                Қазақстан Республикасының Өңірлік
                                даму министрі, төраға

Құсайынов                    -  Қазақстан Республикасының Экономика Марат Әпсеметұлы                және бюджеттік жоспарлау
                                вице-министрі, төрағаның орынбасары

Шаяхметов                    -  Қазақстан Республикасының Білім және
Саят Болатұлы                   ғылым вице-министрі

Тұрғымбаев                   -  Қазақстан Республикасы Ішкі істер Ерлан Заманбекұлы               министрінің орынбасары;

мына:

«Шварцкопф                   -  Қазақстан Республикасының
Илона Альбертовна               Экономикалық даму және сауда
                                министрлігі Мемлекеттік активтерді
                                басқару саясаты департаментінің
                                директоры, хатшы,»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Шварцкопф                   -  Қазақстан Республикасы Экономика және
Илона Альбертовна               бюджеттік жоспарлау министрлігі
                                Мемлекеттік активтерді басқару
                                саясаты департаментінің директоры,
                                хатшы»;

      көрсетілген құрамнан Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Абай Мұқашұлы Ескендіров, Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков, Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков шығарылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол Комиссияның қызметін ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов