"Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару" электрондық мемлекеттік қызметтің регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 08 ақпандағы № 68 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 наурызда № 8371 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 298 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", Заңына сәйкес мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында Баянауыл аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалардың отбасыларына материалдық көмек тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш көлемінде жергілікті бюджеттен көрсетілсін.
      2. "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің 1 тармағының орындалуын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нақты талаптарына сәйкес қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық маслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жоспар мен бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            О-А. Жельвис

      Аудандық мәслихаты
      хатшысының міндетін атқарушы               М. Базаров