"Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсанд

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 71 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 15 ақпанда № 8335 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығымен

      «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес капиталдың сыртқы нарықтарында кемінде 500 (бес жүз) миллион АҚШ доллары сомасына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
      1) елдің кредиттік рейтингін жаңарту, инвесторларды тарту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар шығару нарықтары мен әріптестерді айқындау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді;
      2) осындай мәміле үшін белгіленген талаптарға сәйкес қажетті құжаттаманы дайындауды;
      3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуін қамтамасыз етуді;
      4) мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымы әріптестеріне көрсетілген қызметтерге комиссиялық сыйақы түрінде ақы төлеуді қамтамасыз етуді;
      5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрі                                     С. Ахметов