"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/5–IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 шілдедегі N 4/8-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 06 тамызда N 2634 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қаңтардағы N 25/2-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті аудандық мәслихатының 27.05.2014 N 24-4/2 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Көкпекті аудандық мәслихатының 01.03.2013 № 11-3/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 56789 баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек көрсету үшін отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы күнтізбелік жылға белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары және соларға теңестiрiлген адамдар;
      2) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер (өздерi жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
      3) мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
      4) әлеуметтік маңызды аурулары бар азаматтар: онкологиялық аурулар және туберкулездің әртүрлі түрлері;
      5) жасына байланысты демалысқа шыққан зейнеткерлер;
      6) жетім балалар және жиырма үш жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ата-анасынан кәмелеттік жасқа жетпей айырылғандар;
      7) оралмандар;
      8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
      9) көп балалы отбасылар;
      10) толық емес отбасылар.
      2. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі айқындалсын:
      1) әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) алынып тасталды - Көкпекті аудандық мәслихатының 10.06.2013   N 14-5/1 шешімімен;
      4) азаматтарды тіркеу кітабы немесе тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;
      5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;
      6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;
      7) тиісті уәкілетті орган беретін төтенше жағдайдың болғанын растайтын акт немесе құжат;
      8) емделуге нақты қаржылық шығынды немесе алдағы қаржылық шығынды растайтын құжаттар (шот-калькуляция, шот-фактура, ауырғаны туралы анықтама, түбіртек), немесе өмірлік көрсеткіштері бойынша емделуге денсаулық сақтау органдарының жолдамасы.
      Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқада және көшiрмелерi ұсынылады, кейiн құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Көкпекті аудандық мәслихатының 10.06.2013 N 14-5/1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                            Е. Сихварт

      Көкпекті аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Р. Беспаев