2012 жылғы 03 мамырдағы № 7 "Науалы ауылдық округі аймағындағы мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы N 12 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қаңтарда N 2814 болып тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 14 қарашадағы N 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің 14.11.2013 N 2 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына сәйкес Науалы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. 2012 жылғы 03 мамырдағы № 7 «Науалы ауылдық округі аймағындағы мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-18-150 болып тіркелген «Уақыт тынысы/Пульс времени» газетінде 2012 жылғы 31 мамырда № 49-50 жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      «Науалы ауылдық округіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы»;
      1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      «Науалы ауылдық округінде ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.»;
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Науалы ауылдық округінің әкімі             Ө. Шоқпарбаев