Науалы ауылдық округіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 03 мамырдағы N 7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 24 мамырда N 5-18-150 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 14 қарашадағы N 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің 14.11.2013 N 2 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

     Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің 2012.12.25 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялы инспекторының 2012 жылдың 13 сәуірдегі № 266 ұсынысы негізінде Науалы ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Науалы ауылдық округінде ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің 2012.12.25 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы С. Күлмұхаметовке осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Науалы ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық мал дәрігері Н. Алтынбеков сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Науалы ауылдық округінің әкімі             Ө. Шоқпарбаев

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы ауыл
      шаруашылық Министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Үржар
      аудандық аумақтық инспекциясының
      мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық
      инспекторы                                 С. Күлмұхаметов

      03 мамыр 2012 жыл