Тарбағатай ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағиданы бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 сәуірдегі N 3-6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 14 мамырда N 5-16-129 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы N 24-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 2012.10.29 N 246 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарма ауданының Қалбатау ауылдық округінің Қапай батыр ауылында ірі қара малдар арасында сарып ауруының шығуына байланысты, карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жарма аудандық аумақтық инспекциясының бастығы (Н. Қасқырбаев), Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Жарма ауданы бойынша басқармасының бастығы (Г. Құлжанбекова) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жарма ауданының
әкімінің орынбасары Н. Шалтабановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Жарма ауданының әкімі                      Т. Қасымжанов

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      Министрлігінің ветеринариялық бақылау
      және қадағалау комитеті Жарма аудандық
      аумақтық инспекциясының бастығы            Н. Қасқырбаев

      12.04.2012 ж.

      Қазақстан Республикасының Денсаулық
      сақтау Министрлігінің мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы бойынша
      Департаментінің Жарма ауданы бойынша
      басқармасының бастығы                      Г. Құлжанбекова

      12.04.2012 ж.