2012 жылы жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 20 ақпандағы N 285 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті Бородулиха ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 06 наурызда 5-8-147 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкім аппаратының 2012 жылғы 11 шілдедегі N 2027 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 28.01.2013 N 5072 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерiн есептеу әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7232 тiркелген) бұйрығына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 9974 «Тұрғын үйді пайдалануға төлем мөлшерін белгілеу туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5-1-158 тiркелген, 2011 жылғы 4 ақпандағы № 13 «Дидар», 2011 жылғы 3 ақпандағы № 13 «Рудный Алтай» газеттерiнде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 6, 7 жолдармен толықтырылсын:

6

Молдағұлова көшесі, 15/7

32 (отыз екі) теңге 50 (елу) тиын

7

Өтепов көшесі, 38

52 (елу екі) теңге 50 (елу) тиын

       2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Өскемен қаласының әкімі                 С. Тәукебаев