Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округіне қарасты Қаратомар ауылына көше атауларын беру туралы

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округ әкімінің 2012 жылғы 25 мамырдағы N 06 шешімі. Павлодар облысының Баянауыл аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 08 маусымда N 12-5-108 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының, 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2–тармағына және Қаратомар ауылдық округі тұрғындарының 2011 жылғы 04 мамырдағы көпшілік жиынның N 4 хаттамасына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округіне қарасты Қаратомар ауылының көшелеріне атаулары қосымшаға сәйкес берілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                                А. Кісентаев

Баянауыл ауданы Қаратомар
ауылдық округі әкімінің
2012 жылғы 25 мамырдағы
N 06 шешіміне    
қосымша       

Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округіне
қарасты Қаратомар ауылының көше атаулары

      1) N 1 көше – "Абай" көшесі;
      2) N 2 көше – "Академик Қаныш Сәтбаев" көшесі;
      3) N 3 көше – "Зейін Шашкин" көшесі.