Облыстық мәслихаттың (IV сайланған XL сессиясы) 2011 жылғы 6 желтоқсандағы "2012 - 2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" N 404/40 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 10 тамыздағы N 80/8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 17 тамызда N 3214 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облыстық мәслихаты аппарат басшысының 2014 жылғы 03 қыркүйектегі N 1-11/560 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 29.04.2013 № 96 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Заңының 7, 18 бабтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне 2012 жылы жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрайымы: хатшысы:
      С. БІРТАЕВА А. ЕРМАҒАМБЕТ