Жітіқара ауданының аумағындағы Мүктікөл кен орнының жер асты сулары № 2, № 14 ұңғымаларының учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 409 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 қазанда № 3849 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Жітіқара ауданының аумағындағы Мүктікөл кен орнының жер асты сулары № 2, № 14 ұңғымаларының учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Қостанай
      облысы бойынша департаменті"
      мемлекеттік мекемесі директорының
      міндетін атқарушы
      ________________________ Ю. Севостьянов
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Су
      ресурстары комитетінің Су
      ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________________ Г. Оспанбекова

  Әкімдіктің
2012 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 409 қаулысына қосымша

Жітіқара ауданының аумағындағы Мүктікөл
кен орнының жер асты сулары № 2, № 14
ұңғымаларының учаскесінде шаруашылық-ауыз
су тартудың санитарлық қорғау аймақтары

Су тарту
көзінің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

№ 2, № 14
ұңғымалары

Әр
ұңғымадан
мынадай
қашықтықта:
30 метр
(солтүстік
шекара
бойынша)
33 метр
(шығыс
шекара
бойынша)
32 метр
(оңтүстік
шекара
бойынша)
36 метр
(батыс
шекара
бойынша)

0,34
гектар

Ұзындығы
– 190
метр
Ені –
136 метр

8,34
гектар

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
805 метр

203
гектар

      Ескерту: "Қостанай облысының Жітіқара ауданы. Мүктікөл кен орнының жер асты сулары. №№ 14 және 2 ұңғымаларының учаскесі көздерінің санитарлық қорғау аймақтары белдеулерінің мөлшерлерін негіздеу" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Житикаракоммунэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).