Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін анықтау Қағидасын бекіту туралы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 9/79 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 қазанда № 2166 тіркелді. Күші жойылды - Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 26/219 қаулысымен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үйлерді пайдалану үшін рұқсат беру тәртібі туралы» нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 14 наурыздағы № 1426 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың Нормативтік құқықтық актілерінің № 18 бюллетенінде жарияланған 383 бап, 2001 ж.) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті (А.Н. Выборов) бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                       Қ. Қасымов