Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін анықтау Қағидасын бекіту туралы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 9/79 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 қазанда № 2166 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін анықтау Қағидасы (бұдан әрі-Қағида) бекітілсін.
      2.Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік, әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Қалалық мәслихат
      хатшысы                                 С.Мыңбай

      «Келісілді:»

      «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесі бастығының м.а.
      Б.Маркашова
      26 қырқүйек 2012 ж.

      «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Н.Ғұмарова
      26 қырқүйек 2012 ж.

Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 9/79
шешімімен бекітілген

Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін анықтау Қағидасы

1. Жалпы ережелер

      «1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындайды.»;
      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 17.05.2013 № 15/147 шешімімен.
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті орган "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган ) болып анықталды (келісім бойынша)
      «1) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
       2) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
       3) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.»;
       Ескерту. 2 - тармақ 1),2),3) тармақшалармен толықтырылды- Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 17.05.2013 № 15/147 шешімімен.
      
      3. Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үй (пәтері, үй) бар отбасылар немесе тұрғын үйді жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      Барлық санаттағы мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып–күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелмеген жұмысқа жарамды жұмыссыз азаматтарға, уәкілетті орган ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      4. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағы бір адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метрден аспайтын мөлшерде қабылданады.
      Жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап, ал Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан күннен бастап тұрғын үй көмегі қайта қалпына келтіріледі.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      4) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      5) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      7) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      9) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Құжаттың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады. Жауапты тұлға құжаттарды қабылдаған сәтте ұсынылған көшірмелерді құжаттардың түпнұсқасымен салыстырады және салыстыруды өткізгеннен соң түпнұсқаларды қайтарады.
      «10) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.».
      Ескерту. 5 - тармақ 10) тармақшамен толықтырылды- Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 17.05.2013 № 15/147 шешімімен.
      
      
      6. Шешім - уәкілетті орган маманының және басшысының қолтаңбасы арқылы куәландырылған, тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы құжат болып табылады.
      тұрғын үй көмегі, оны алуға құқығы бар жағдайда, өтініш берген айдан бастап сол тоқсанға тағайындалады.
      отбасының (азаматтың) табыстарын растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін тоқсан сайын тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу жүргізіледі.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтерді тұтынудың келесі әлеуметтік нормалары ескеріледі:
      1) электр қуатының нормалары (бір айға):
      бір бөлмеге -114 квт/сағ;
      екі бөлмеге-138 квт/сағ;
      үш бөлмеге-150 квт/сағ;
      төрт бөлмеге-162 квт/сағ;
      бес бөлмеге-174 квт/сағ;
      алты бөлмеге- 198 квт/сағ.
      2) бір тармақты газбен жылыту аппаратының есебімен (бір айға) -1022 м3;
      екі тармақты газбен жылыту аппаратының есебімен (бір айға)-1496 м3;
      ыстық сумен жабдықталған газ плитасына бір адамға (қыста) - 23,1;
      ыстық сумен жабдықталмаған газ плитасына бір адамға (жазда) - 29 м3.
      3) су пайдалану нормалары:
      ауыз су тәулігіне бір адамға -6,3 м3;
      су құбырымен және ваннамен жабдықталған тұрғын үйлер тәулігіне бір адамға-9,0 м3;
      көп қабатты тұрғын үйлерінің ішкі су құбыр желісі 1м2 -8,62 тенге.
      ай сайынғы ішкі аулаға су өткізу желісімен қамтамасыз ету қызметіне, бір үйге- 164 тенге;
      4) коммуналдық қызмет тарифтері:
      есептегіш құралдарының көрсеткіші бойынша
      есептегіш құралдарының көрсеткіші болмаған жағдайда:
      ыстық су бір адам үшін:
      90 литр х30,4 күн /1000х302-40=827-36 теңге.
      жылу энергиясына қосымша құн салығымен 1904,67тенге;
      көп қабатты тұрғын үйлердің ішкі инженерлік коммуникациялық құбырларына техникалық қызмет көрсету-15,42 тенге.
      8. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін және нормаларын қызмет берушілер ұсынады.

3.Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу

      9. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу тәртібі

      10. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру қала бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат негізінде жүзеге асырылады.
      11. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері арқылы аудару жолымен жүргізіледі (келісім бойынша).
      Шоттарға ақшалай соммаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.