Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуiрдегi N 2/22 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 тамыздағы N 6/61 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 қыркүйекте N 1933 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 10/101 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2024 № 10/101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуiрдегi N 2/22 "Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-17-133 болып тіркелген, "Шет Шұғыласы" 2012 жылғы 24 мамырдағы N 21 (10.382) газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiнің 7 және 8 тармақтары алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Ж. Ибрайымов

Аудандық мәслихаттың хатшысы

Ә. Смағұлұлы