Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі N 232 қаулысы. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 тамызда 6-7-86 нөмірімен тіркелді.Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 359 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 20.06.2014 N 2/489 қаулысымен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, Алматы қаласының коммуналдық мүлкін тиімді басқару және иелік ету мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) Ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 2/296 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 936 болып тіркелген, 2012 жылдың 26 мамырында «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған № 63, № 65) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) Ережесіндегі:
      1 қосымшадағы:
      реттік нөмірі 3.9. жол келесі редакцияда мазмұндалсын:

3.9. Қоғамдық моншалар және тауар өнімдерінің өндірісі (цех, қойма)

2,0

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                   А. Есімов