РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 5-4) тармақшасына, 18-1 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (Құтпанбетов Азат Үкітайұлы) және "Балқаш ауданының жұмыспен қамту орталығы" (Садықбаев Данияр Сұлтанұлы) мемлекеттік мекемелері халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтарды ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу үшін жұмыс берушілерге жіберсін және жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орнын құру туралы шарттар жасалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Көшкімбаев |
Балқаш ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 06 ақпандағы "2012 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 24 қаулысына қосымша |
Еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес 2012 жылға әлеуметтік
жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің
тізбесі
N п/п | Жұмыс беруші | Кім ретінде жұмысқа алу жоспар- ланады | Ұйымдас- тырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының саны | Жұмыстың ай бойынша ұзақтығы | Айлық жалақы мөлшері, теңге | Мемлекеттік бюджет қаражатынан өтелетін айлық жалақының мөлшері, теңге |
1 | Балқаш ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Балқаш су құбыры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалы | контролер | 5 | 4 | 34878 | 17439 теңге бір адамға есептелінген |
2 | Балқаш ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Балқаш су құбыры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалы | слесарь | 5 | 4 | 34878 | 17439 теңге бір адамға есептелінген |
3 | "Өтес-Ақдала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | механизатор | 5 | 4 | 34878 | 17439 теңге бір адамға есептелінген |
4 | "Балқаш жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | жол жөндеуші | 5 | 4 | 34878 | 17439 теңге бір адамға есептелінген |
5 | "Балқаш жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | жол жөндеуші | 5 | 4 | 34878 | 17439 теңге бір адамға есептелінген |
6 | Жеке кәсіпкер "Турсынбаева" | жұмысшы | 5 | 4 | 34878 | 17439 теңге бір адамға есептелінген |
7 | Балқаш ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Балқаш су құбыры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалы | контролер | 5 | 12 | 43300 | 26000 теңгеге дейін салынған қаржыға сәйкес |
8 | Балқаш ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Балқаш су құбыры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалы | слесарь | 5 | 12 | 43300 | 26000 теңгеге дейін салынған қаржыға сәйкес |
9 | "Өтес-Ақдала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | механизатор | 5 | 12 | 43300 | 26000 теңгеге дейін салынған қаржыға сәйкес |
10 | "Балқаш жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | жол жөндеуші | 5 | 12 | 43300 | 26000 теңгеге дейін салынған қаржыға сәйкес |
11 | "Балқаш жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | механизатор | 5 | 12 | 43300 | 26000 теңгеге дейін салынған қаржыға сәйкес |
12 | Жеке кәсіпкер "Думшебаева" | сатушы | 2 | 12 | 43300 | 26000 теңгеге дейін салынған қаржыға сәйкес |
13 | Жеке кәсіпкер "Думшебаева" | жүргізуші | 1 | 12 | 43300 | 26000 теңгеге дейін салынған қаржыға сәйкес |
14 | Жеке кәсіпкер "Турсынбаева" | жұмысшы | 5 | 12 | 43300 | 26000 теңгеге дейін салынған қаржыға сәйкес |
15 | Жеке кәсіпкер "Қосаев.М" | жұмысшы | 5 | 12 | 43300 | 26000 теңгеге дейін салынған қаржыға сәйкес |
16 | Жеке кәсіпкер "Қосаев Абзамат" | жихаз жинаушы | 2 | 12 | 43300 | 26000 теңгеге дейін салынған қаржыға сәйкес |
17 | Жеке кәсіпкер "Қосаев Абзамат" | сатушы | 1 | 12 | 43300 | 26000 теңгеге дейін салынған қаржыға сәйкес |