"Ақмола облысында "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі күзет аймағының аумағында режим түрін және табиғатты пайдалану тәртібін, күзет аймағының көлемі мен шекараларын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № А-5/190 қау

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № А-8/337 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 3 тамызда № 3435 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ақмола облысында «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі күзет аймағының аумағында режим түрін және табиғатты пайдалану тәртібін, күзет аймағының көлемі мен шекараларын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № А-5/190 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3393 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 шілдеде «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      2-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «2. Ақмола облысында «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі күзет аймағының аумағында «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес шаруашылық қызметтің реттелетін режимі белгіленсін.».
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Облыс әкімі                                Қ.Қожамжаров