Сандықтау ауданының Барақпай ауылдық округін қайта құру және Хлебное ауылы әкімшілік-аумақтық бірлігін тарату туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № А-4/151 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 29 наурыздағы № 5С-3-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 сәуірде № 3428 тіркелді

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы» деген сөздер «ауылдық», «ауылы» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 3 тармағына сәйкес және Сандықтау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 қазандағы № А-10/240 қаулысы мен Сандықтау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 29/2 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сандықтау ауданының Барақпай ауылдық округі, оның құрамына Хлебное ауылы енгізіліп, қайта құрылсын және Хлебное ауылы әкімшілік-аумақтық бірліқ ретінде таратылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
      әкімі                                      Қ.Қожамжаров

      Ақмола облыстық
      мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       А.Куликов

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Н.Дьячек