Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 02-01-02/191 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 14 қаңтарда № 8263 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 10 қарашадағы № 23 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 10.11.2014 № 23 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының «Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7384 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 шілдедегі № 209-210 (27028-27029) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған бұйрығымен бекітілген, Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме):
      5-тармақ алынып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
      Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарда персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және бағаланушы мемлекеттік органдарға ұсынылады.
      Президент Әкімшілігі дайындаған Агенттікте персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Персоналды басқару тиімділігін бағалау Агенттікке осы Әдістеменің 1-17 тармақтарына сәйкес мемлекеттік органдар жолдаған ақпаратты талдау, мемлекеттік қызметшілердің арасында сауалнама жүргізу арқылы жүргізіледі.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Баға мына формуламен есептеледі:

К1 = Р1 + Р2 + Р3 + Р4

      К1 – осы өлшем бойынша мемлекеттік органның бағасы;
      Р1 – «кадр резервінен мемлекеттік органдардың өздері ұсынған үміткерлерді, сондай-ақ басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтау бойынша кадр резервіне қосылған үміткерлерді іріктеу» көрсеткіші;
      Р2 – «үміткерлерді конкурстық негізде іріктеу» көрсеткіші;
      Р3 – «кандидатураларды кадр резервінен іріктеу» көрсеткіші;
      Р4 – «ауысу тәртібімен тағайындау» көрсеткіші».
      Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 12 балл болып саналады.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. «Ауысу тәртібімен тағайындау» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:

      a – ауысу тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілер саны (оның ішінде мемлекеттік органда төменгі және тең лауазымдарына тағайындалғандар);
      b – есеп беру кезеңінде қабылданған адамдардың жалпы саны;
      k – алынған нәтижені өлшемді мәнге келтіруге арналған коэффициент (2-ге тең);
      2 – бағалау қатаңдығы көрсеткіші.
      Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, мемлекеттік органға сол көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.
      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 2 балл болып саналады.
      Есеп беру кезеңінде қабылданған адамдардың жалпы санына «орталық-өңір», «өңір-орталық», «өңір-өңір» бағыттары бойынша ауысу тәртібімен қабылданған, сондай-ақ мемлекеттік органның өз ішінде ауысу тәртібімен жоғары лауазымға тағайындалған адамдар қосылмайды.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы өлшем бойынша бағалау орталық мемлекеттік органдар осы Әдістемеге 457912-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынатын ақпарат негізінде жүргізіледі.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Баға мына формуламен есептеледі:

К2 = Р1 + Р2 + Р3 + Р4 + Р5

      К2 – осы өлшем бойынша мемлекеттік органның бағасы;
      Р1 – «кадрлардың ауысушылығы деңгейі» көрсеткіші;
      Р2 – «мемлекеттік органның штатының жасақталуы» көрсеткіші;
      Р3 – «мемлекеттік органның қызметкерлерін жоғарылату» көрсеткіші;
      Р4 – «қызметкердің мемлекеттік қызметтегі, оның ішінде осы мемлекеттік органдағы орташа еңбек өтілі» көрсеткіші;
      Р5 – «білімі бойынша біліктілік талаптары өзгертілген штаттық лауазымдар» көрсеткіші.
      Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 33 балл болып саналады.»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. «Кадрлардың ауысушылығы деңгейі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:

      k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (14-ке тең);
      a – есепті кезеңде жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілердің саны;
      b – мемлекеттік лауазымдар саны;
      5 – қатаңдық көрсеткіші.
      Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, мемлекеттік органға сол көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.
      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 14 балл болып саналады.
      Ауысу бойынша бағалауды есептеген кезде төмендегідей жағдайда жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілер есептелмейді:
      «орталық-өңір», «өңір-орталық», «өңір-өңір» жүйесі бойынша басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты;
      зейнетке шығуына байланысты;
      мемлекеттік органның қайта құрылуы немесе штаттың қысқартылуына байланысты;
      ауруға, қайтыс болуына байланысты;
      саяси қызметке тағайындалуына байланысты;
      негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты (бала күтіміне байланысты демалыстан, мемлекеттік тапсырыс немесе шетелде кадрлар даярлау бойынша Республикалық комиссия бекіткен басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқу оқуына байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыстан);
      бұрынғы лауазымына қарағанда мемлекеттік қызмет өтілі бойынша жоғары немесе тең талаптар белгіленетін лауазымға ауысуға байланысты.
      Сонымен бірге, бір орталық орган жүйесінде (орталық аппараттан комитетке, облыстық бөлімшеден аудандық бөлімшеге) жұмыстан босатылған қызметкерлер де есептелмейді.
      Егер мемлекеттік органнан саяси мемлекеттік қызметшілер (министр, агенттік төрағасы, министр орынбасарлары, агенттік төрағасының орынбасарлары, жауапты хатшылар, аппарат басшылары (Төтенше жағдайлар министрлігінде әкімшілік мемлекеттік қызметші болып табылады), облыс, астана, республикалық деңгейдегі қалалар әкімдері (әрі қарай – әкім), әкім орынбасарлары, әкім аппаратының басшылары) ауысқаннан кейін өз еркімен жұмыстан шыққан басшылық қызметтегі қызметкерлер (комитеттер төрағалары, олардың орынбасарлары, департамент директорлары мен олардың орынбасарлары, басқармалар бастықтары, әкім аппараты басшысының орынбасарлары, бөлім меңгерушілері мен әкім аппаратының бас инспекторлары, облыстық жергілікті атқарушы органдар басшылары мен олардың орынбасарлары) саны 2%-дан жоғары болса (тоқсан қорытындысы бойынша), онда 3 балл алынып тасталады.»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттік органның штатының жасақталуы» көрсеткіші бойынша баға екі формуламен есептеледі:
      S>5 болған жағдайда 1) формула қолданады:

      k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (7-ге тең);
      а – бос лауазымдар есебінен, оның ішінде қызметкердің ұзақ мерзімді оқуға түсу немесе декреттік демалысқа шығу себебімен (Агенттікке жариялама жолданған кезеңнен бері бос лауазымға тағайындау үшін конкурс өткізуге 45 жұмыс күнін, сондай-ақ, бос лауазымға ауысу арқылы және кадр резервінен тағайындауға 11 жұмыс күнін қоспағанда).
      b – мемлекеттік қызметшілердің науқас болуы себебімен лауазымдар бос болған күндердің саны (жүкті болған мерзімі 20 аптадан астам аяғы ауыр әйелдердің уақытша еңбекке қабілетсіздігіне байланысты жұмыста болмау себебімен, өндірістік жарақаттануына байланысты уақытша еңбекке қабілетсіздігі, қызметкерлердің онкологиялық ауруымен науқастануына орай уақытша еңбекке қабілетсіздігі) және басқа себептермен (жалақы сақталмайтын демалыс, жұмыстан шеттету). Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көрсетілген негізде қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында, іссапарда, жүктілікке және босануға байланысты демалыста, жалақысы сақталмайтын демалыста болуы бес күнтізбелік күнге дейін бұл күндердің санына кірмейді.
      с – адам-күндердің жалпы саны.
      10 – бағалаудың қатаңдығының көрсеткіші.
      Адам-күндердің жалпы саны мына формуламен есептеледі:

      m – мемлекеттік органның орташа штат саны.
      n – бір жылда жұмыс күндердің саны.
      Орташа штат саны бірінші тоқсаннан төртінші тоқсанға дейін қоса алғанда штат саны сомасының орташа өлшемі секілді белгіленеді (бұдан әрі - орташа штат саны).
      S<немесе=5 болған жағдайда, мынадай формула қолданады:

      S коэффициентін есептеуге мына формула қолданады:

      S коэффициенті арқылы орташа әр қызметкерге келетін науқаспен және басқа себептермен байланысты бос күндер саны есептеледі. Бұл коэффициент үшін шекті өлшем 5 жұмыс күнге тең.
      Егер алған нәтиже минус белгісімен өлшем құрастырса, мемлекеттік органға бұл көрсеткіш бойынша 0 баға қойылады.»;
      26-тармақ алынып тасталсын;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. «Мемлекеттік органның қызметкерлерін жоғарылату» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:

      k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (5-ке тең);
      a – осы мемлекеттік органда жоғары лауазымға осы мемлекеттік органның қызметкерлері ішінен тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің саны;
      b – осы мемлекеттік органда ауысу тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны (С-6, С-О-6, D-5, D-O-5 санаттарын қоспағанда).
      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 5 балл болып саналады.
      Егер мемлекеттік органда жоғары лауазымға тағайындау жүргізілмесе, мемлекеттік органға осы көрсеткіш бойынша 2,5 балл қойылады.»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. «Қызметкердің мемлекеттік қызметтегі, оның ішінде осы мемлекеттік органдағы орташа еңбек өтілі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:

      k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (5-ке тең);
      а – қызметкерлердің мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі;
      k1 – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (3-ке тең);
      а1 – қызметкерлердің осы мемлекеттік органдағы орташа еңбек өтілі;
      10 – бастапқы мәні.
      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 5 балл болып саналады.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. «Білімі бойынша біліктілік талаптары өзгертілген штаттық лауазымдар» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:

      k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (2-ге тең);
      a – есепті кезеңде мемлекеттік органның білімі бойынша біліктілік талаптары өзгертілген штаттық лауазымдарының саны;
      b – мемлекеттік органның орташа штат саны;
      50 – бағалаудың қатаңдығының көрсеткіші.
      Қызметкерлердің еңбегінің нәтижелерін бағалау жүргізілмеген болса, мемлекеттік органға 0 мәні қойылады.
      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 2 балл болып саналады.»;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы өлшем бойынша бағалау орталық мемлекеттік органдар осы Әдістемеге 101113-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынатын ақпарат негізінде жүргізіледі.»;
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Бағалау мына формула бойынша есептеледі:

К3 = Р1 + Р2 + P3 + Р4

      К3 – мемлекеттік органның осы өлшем бойынша бағасы;
      Р1 – «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларынан өтуі» көрсеткіші;
      Р2 – «Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау курстарын өтуі» көрсеткіші;
      Р3 – «Аттестацияны уақтылы өткізу» көрсеткіші;
      Р4 – «Орталық-өңір», «өңір-орталық», «өңір-өңір» сызбасы бойынша ауысу қарқындылығы» көрсеткіші;
      Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 22 балл болып саналады.»;
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. «Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау курстарын өтуі» көрсеткіші бойынша баға мынадай формуламен есептеледі:

      k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (6-ға тең);
      a – есепті кезеңнің белгіленген мерзімде, қайта даярлау курстарынан өтуге жататын санынан қайта даярлау курстарынан өткен мемлекеттік қызметшілер саны;
      b – тиісті есепті кезеңге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы қалыптастыратын оқытылғандардың контингенті бойынша бөлу қағазына сәйкес қайта даярлау курстарынан өтуге жататын мемлекеттік қызметшілердің саны.
      Қайта даярлау курстарынан өтуге жататын мемлекеттік қызметшілер болмаған жағдайда бұл көрсеткіш бойынша мемлекеттік органға максималды өлшем қойылады.
      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. «Аттестацияны уақтылы өткізу» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:

      k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (5-ке тең);
      а – есепті кезеңнің белгіленген мерзімде аттестациядан өткен мемлекеттік қызметшілердің саны;
      b – есепті кезеңнің белгіленген мерзімде аттестациядан өтуге тиісті мемлекеттік қызметшілердің саны;
      Жүктілікке байланысты аттестациядан өтпеген мемлекеттік қызметшілер есептелмейді (анықтамамен расталады).
      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 5 балл болып саналады.»;
      35-тармақ алынып тасталсын;
      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «44. Осы өлшем бойынша баға мына формуламен есептеледі:

К5 = Р1 + Р2 + P3 + Р4 + Р5 + Р6

      К5 – осы өлшемі бойынша мемлекеттік органның бағасы;
      Р1 – «қызметкерлердің мемлекеттік орган қызметіне қатысу дәрежесі» көрсеткіші;
      Р2 – «көтермелеу жүйесімен қанағаттандырылу дәрежесі» көрсеткіші;
      Р3 – «мансаптық өсу мүмкіндіктерімен қанағаттандырылу дәрежесі» көрсеткіші;
      Р4 – «еңбектің ұйымдастырылуымен қанағаттандырылу дәрежесі» көрсеткіші;
      Р5 – «мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесіне қанағаттандырылу дәрежесі» көрсеткіші;
      Р6 – «мемлекеттік қызметшілерді бағалау жүйесіне қанағаттандырылу дәрежесі» көрсеткіші.
      Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 18 балл болып саналады.»;
      мынадай мазмұндағы 48-1, 48-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «48-1. «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесіне қанағаттандырылу дәрежесі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:

      k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (1,5-ке тең);
      a – сауалнаманың 11-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;
      b – сауалнаманың 12-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;
      с – сұралған мемлекеттік қызметшілердің саны.
      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 3 балл болып саналады.
      48-2. «Мемлекеттік қызметшілерді бағалау жүйесіне қанағаттандырылу дәрежесі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:

      k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (1-ге тең);
      а – сауалнаманың 13-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;
      b – сауалнаманың 14-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;
      d – сауалнаманың 15-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;
      с – сұралған мемлекеттік қызметшілердің саны.
      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 3 балл болып саналады.»;
      7-1 «Қайта құрылған және таратылған мемлекеттік органдарды бағалау» тараумен толықтырылсын:
      «7-1 «Қайта құрылған және таратылған мемлекеттік органдарды бағалау
      50-1. Есепті кезеңдегі жылдың бірінші жартыжылдығында қайта құрылған немесе таратылған мемлекеттік органдарды бағалау жағдайда, құқықты мирасқор-мемлекеттік органды бағалау, осы мемлекеттік органды бағалау шеңберінде жүзеге асырылады және құқықты мирасқор-мемлекеттік органды бағалаудың қорытынды балын есептеген кезінде ескеріледі.
      50-2. Есепті кезеңнен кейінгі екінші жартыжылдықта қайта құрылған немесе таратылған мемлекеттік органдарды бағалау жағдайында, осы органды бағалау жүзеге асырылмайды.
      50-3. Есепті кезеңнен кейінгі екінші жартыжылдықта қайта құрылған немесе таратылған мемлекеттік органдардың қызметін талдау, құқықты мирасқор-мемлекеттік органды бағалау шеңберінде ескеріліп, ұсынымдар есебінде қолданылады.
      50-4. Есепті кезеңнен кейінгі екінші жартыжылдықта қайта құрылған немесе таратылған мемлекеттік органдарды бағалау, құқықты мирасқор-мемлекеттік органның қорытынды балына қосылмайды.»;
      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «51. Қайта тексеру шаралары (дәлелдейтін құжаттарды жинау, талдау) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша немесе бағаланатын мемлекеттік органдардың дәлелдейтін құжаттармен бірге қарсылықтары түскен жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін.
      Қарсылықтары түскен күннен бастап, он бес күнтізбелік күн ішінде Агенттік қайта тексеру нәтижесі бойынша қарсылықтары қабылдау немесе қабылдамау туралы негізделген қорытындыларды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және бағаланатын мемлекеттік органдарға жолдайды. Қарсылықтар қабылданған жағдайда бағалау нәтижелері туралы қорытындыларға тиісті түзетулер енгізіледі.»;
      8-1. «Мемлекеттік органдардың толық емес және сапасыз ақпараттар ұсынуы» тараумен толықтырылсын:
      «8-1. «Мемлекеттік органдардың толық емес және сапасыз ақпараттар ұсынуы
      53-1. Бағаланатын мемлекеттік орган толық және анық есепті ақпаратты Әдістеменің 1-17-қосымшасына сәйкес, Кестемен бекітілген мерзімде Агенттікке ұсынады.
      Толық немесе анық есепті ақпарат уақтылы ұсынылмаған жағдайда, сөгістің әрбір түрі үшін мемлекеттік органның осы бағыттағы қорытынды бағасынан айыппұл баллдары шегеріледі.
      53-2. Агенттікке Кестемен қарастырылған мерзімнен кейін ұсынылған Есепті ақпарат уақтылы ұсынылмаған деп танылады.
      Уақтылы ұсынылмаған есепті ақпаратты ұсынған мемлекеттік органнан 1,5 айыппұл баллдарын шегеру қарастырылған.
      53-3. Әдістеменің қосымшаларында қарастырылып бекітілген есепті ақпараттың құрылымдық талаптарына сәйкес элементтер (қосымшалар, тараулар, бөлімдер, кестелер, көрсеткіш мәндері және т.с.с.) болмаса есепті ақпарат толық емес деп танылады.
      Толық емес есепті ақпаратты ұсынған мемлекеттік органнан 2 айыппұл баллдарын шегеру қарастырылады.
      53-4. Қайта тексеру барысында шындыққа сай келмейтін фактілер анықталған жағдайда есепті ақпарат анық емес деп танылады.
      Бағаланатын мемлекеттік органдардың есепті ақпараттарында, мәліметтерді қайта тексерудің қорытындысымен жасалған, көрсетілген фактілер тексеру актісінде Әдістеменің 16-қосымшаға сәйкес бекітілуі тиіс.
      Анық емес есепті ақпаратты ұсынған мемлекеттік органнан әр белгіленген дерек үшін 0,2 айыппұл баллдарын шегеру қарастырылады.
      Анық емес есепті ақпаратты ұсынған үшін шегерілген баллдардың сомасы 5 баллдан жоғары артып кетпеу тиіс.
      Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды «Тұжырымдар мен ұсыныстар» тарауында анықталған фактілер туралы ақпарат қамтылады.»;
      8-2. «Бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың қарсылықтарын ұсыну» тараумен толықтырылсын:
      «8-2. «Бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың қарсылықтарын ұсыну
      53-5. Бағаланатын мемлекеттік орган тексеру нәтижелеріне келіспеушіліктер болған жағдайда, бағалау нәтижелерін алған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде Агенттікке растаушы құжаттарымен қарсылықтарын жолдайды. Белгіленген мерзімін өтуінен кейін бағаланатын мемлекеттік органдардың қарсылықтары қабылданбайды.
      53-6. Бағаланатын мемлекеттік орган тексеру нәтижелеріне келіспеушіліктері болмаған жағдайда, бес жұмыс күнінде Агенттікке тиісті хабарлама ұсынуға міндетті.
      53-7. Шағымдану тәртібін жүргізу үшін, құрамына қарсылықты ұсынған мемлекеттік органды бағалауға қатысқан қызметкерлер кіре алмайтын, қарсылықтарды қарастыру бойынша бағалауға уәкілетті мемлекеттік органда арнайы Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады. Комиссия құрамы мен саны Агенттікпен, құрамы бес адамнан кем емес дербес анықталады.
      53-8. Бағаланатын мемлекеттік органдардан қарсылықтар түскен күннен бастап, Әдістеменің 17-қосымшасына сәйкес қайшылық кестесі Агенттікпен құрылады және Комиссия қарауына бес жұмыс күнінде енгізіледі.
      53-9. Қарсылықтар ұсынған бағаланатын мемлекеттік органдардан өкілдер шақырылып, Комиссия қарсылықтарды қарастыратын және бағалау нәтижелерінің объективтілігін анықтайтын мәжіліс өткізеді.
      53-10. Комиссия мәжілісінің нәтижелері бойынша және қарсылықты қарау жөнінде қайшылық Кестесіне қорытынды қабылданған алқалық шешім, Комиссия Төрағасымен және бағаланатын мемлекеттік орган өкілімен пысықталады және қол қойылады.
      53-11. Растаушы құжаттармен бағаланатын мемлекеттік органдардан қарсылықтар түскен күннен бастап, он бес жұмыс күнінде Комиссия қайта тексеру нәтижелерін бағалауға уәкілетті мемлекеттік органның Сараптама комиссиясының жұмыс органына және бағаланатын мемлекеттік органға қарсылықты қабылдау немесе қабылдамау туралы негізделген қорытындыны жолдайды. Қарсылық қабылданған жағдайда, бағалау нәтижелері туралы түзету енгізілген қорытынды бірге жолданады.»;
      Әдістеменің 2-қосымшасын осы бұйрықтың 1-қосымшадағы редакциясына сәйкес жазылсын;
      Әдістеменің 3-қосымшасын осы бұйрықтың 2-қосымшадағы редакциясына сәйкес жазылсын;
      Әдістеменің 4-қосымшасын осы бұйрықтың 3-қосымшадағы редакциясына сәйкес жазылсын;
      Әдістеменің 5-қосымшасын осы бұйрықтың 4-қосымшадағы редакциясына сәйкес жазылсын;
      Әдістеменің 6-қосымшасы алынып тасталсын;
      Әдістеменің 7-қосымшасын осы бұйрықтың 5-қосымшадағы редакциясына сәйкес жазылсын;
      Әдістеменің 8-қосымшасы алынып тасталсын;
      Әдістеменің 13-қосымшасын осы бұйрықтың 6-қосымшадағы редакциясына сәйкес жазылсын;
      Әдістеменің 15-қосымшасын осы бұйрықтың 7-қосымшадағы редакциясына сәйкес жазылсын;
      мынадай мазмұндағы Әдістеменің 16-қосымшамен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы Әдістеменің 17-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Агенттіктің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (М.Ы. Өтешев):
      1) осы бұйрықты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін;
      2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ә.А. Көмекбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Төраға                                          А. Байменов

Қазақстан Республикасы       
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының            
2012 жылғы 29 желтоқсандағы   
№ 02-01-02/191 бұйрығына    
1-қосымша            

Персоналды басқару тиімділігін
бағалау әдістемесіне    
2-қосымша          

Мемлекеттік органдарда персоналды басқару бағалау үшін
өлшемдер мен көрсеткіштер

р\с

Өлшемнің/көрсеткіштің атауы

Балл

1.

Персоналды іріктеу тәртібі

12

1.1.

Кадр резервінен мемлекеттік органдардың өздері ұсынған үміткерлерді, сондай-ақ басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтау бойынша кадр резервіне қосылған үміткерлер іріктеу*

4

1.2.

Үміткерлерді конкурстық негізде іріктеу*

4

1.3.

Басқа мемлекеттік органдардың кадр резервінен үміткерлерді іріктеу

2

1.4.

Ауысу тәртібімен тағайындау

2

2.

Адам ресурстарын пайдалану тиімділігі

33

2.1.

Кадр ауысушылығы деңгейі

14

2.2.

Мемлекеттік орган штатының жасақталуы

7

2.3.

Мемлекеттік орган қызметкерлерінің жоғарылауы

5

2.4.

Қызметкердің мемлекеттік қызметтегі, оның ішінде осы мемлекеттік органдағы орташа еңбек өтілі

5

2.5.

Білімі бойынша біліктілік талаптары өзгертілген штаттық лауазымдар

2

3.

Мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру деңгейі

22

3.1.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілікті арттыру семинарларынан өтуі

6

3.2.

Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау курстарынан өтуі

6

3.3.

Аттестациядан уақытылы өткізу

5

3.4.

«Орталық-өңір», «өңір-орталық», «өңір-өңір» сызбасы бойынша ауысу қарқындылығы

5

4.

Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейі

15

4.1.

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде қылмыс жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болғандар үлесі

6

4.2.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілердің үлесі

6

4.3.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілердің үлесі

3

5.

Мемлекеттік қызметшілердің уәждеу деңгейі

12

5.1.

Мемлекеттік органның қызметіне қызметшінің қатысу дәрежесі

3

5.2.

Көтермелеу жүйесімен қанағаттандырылу дәрежесі

3

5.3.

Баспалдақтық өсу мүмкіндіктерімен қанағаттандырылу дәрежесі

3

5.4.

Еңбектің ұйымдастырылуымен қанағаттандырылу дәрежесі

3

5.5.

Мемлекеттік қызметшілердің оқыту жүйесіне қанағаттандырылу дережесі

3

5.6.

Мемлекеттік қызметшілердің бағалау жүйесіне қанағаттандырылу дережесі

3


Барлығы

100

      * Осы көрсеткіштердің әр көрсеткіш бойынша баға 4 баллды арттыруы мүмкін, бұл ретте «Персоналды іріктеу тәртібі» өлшемі бойынша баллдардың жалпы сомасы 12 баллды арттыруы мүмкін емес.

Қазақстан Республикасы      
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының            
2012 жылғы 29 желтоқсандағы   
№ 02-01-02/191 бұйрығына     
2-қосымша              

Персоналды басқару тиімділігін
бағалау әдістемесіне    
3-қосымша           

Конкурстық негізде қабылданған мемлекеттік қызметшілердің
саны туралы ақпарат


р/с

Т.А.Ә., лауазымының толық атауы

Конкурстық комиссияның хаттамалық шешімінің күні мен нөмірі

Лауазымға қабылданған күні, тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі

1




2




...




Барлығы




Кадр резервінен қабылданған мемлекеттік қызметшілердің саны туралы ақпарат


р/с

Т.А.Ә., лауазымының толық атауы

Кадр резервіне қабылдау үшін негіз*

Лауазымға қабылданған күні, тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі

Мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкес құрылымдық бөлімшенің (бөлім, басқарма, департамент) толық атауы

1




2




...




Барлығы




      *мемлекеттік тапсырыс немесе шетелде кадрлар даярлау бойынша Республикалық комиссия бекіткен басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқуды аяқтау – оқуды аяқтау күні, оқу орны көрсетіледі,
      *бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін конкурс қорытындысы бойынша конкурстық комиссия шешімі – мемлекеттік органның атауы, конкурстық комиссия хаттамасының күні мен нөмірі көрсетіледі,
      *мемлекеттік қызметшіні аттестациялау қорытындысы бойынша аттестация комиссиясының шешімі – мемлекеттік органның атауы, аттестация комиссия хаттамасының күні мен нөмірі көрсетіледі,
      *осы кестеге «орталық-өңір» (орталық мемлекеттік органдардан облыстық атқарушы органдарға немесе орталық мемлекеттік органдардың облыстық бөлімшелеріне), «өңір-орталық» (бағаланатын орталық мемлекеттік органдарға облыстық, аудандық атқарушы органдардан, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардан, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың облыстық, аудандық бөлімшелерінен, облыстар, аудандар маслихаттарының аппараттарынан, орталық мемлекеттік органдардың облыстық немесе аудандық бөлімшелерінен), «өңір-өңір» (бір өңірдің облыстық, аудандық атқарушы органдарынан, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттарынан, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарының облыстық, аудандық бөлімшелерінен, орталық мемлекеттік органдарының облыстық, аудандық бөлімшелерінен басқа өңірдің облыстық атқарушы органына немесе орталық мемлекеттік органның облыстық бөлімшесіне) ротация тәртібінде лауазымға тағайындалған адамдар қосылмайды.
      **осы кестеге сондай-ақ мемлекеттік органның өз ішінде ауысу тәртібімен жоғары лауазымға тағайындалған адамдар қосылмайды.

Ауысу тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілер саны туралы ақпарат *


р/с

Т.А.Ә., лауазымының толық атауы

Мемлекеттік қызметші қабылданған мемлекеттік органның атауы

Лауазымға қабылданған күні, тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі

Мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкес құрылымдық бөлімшенің (бөлім, басқарма, департамент) толық атауы

1




2




...




Барлығы




Мемлекеттік органның _________________      _______________________
басшысы                    (қолы)      (қолтаңбаның толық жазылуы)

Мемлекеттік органның ___________________    _______________________
тиісті құрылымдық          (қолы)       (қолтаңбаның толық жазылуы)
бөлімшесінің басшысы                     «____ »______________20___ж.

Қазақстан Республикасы       
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының            
2012 жылғы 29 желтоқсандағы   
№ 02-01-02/191 бұйрығына     
3-қосымша              

Персоналды басқару тиімділігін
бағалау әдістемесіне    
4-қосымша           

Кадрлардың ауысуы бойынша ақпарат

      Есепті кезеңде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер лауазымдарға бөле отырып саны көрсетіледі, басшы құрамдағы лауазымдар бөлек (орталық мемлекеттік органдар үшін – С-1, С-2, С-3, С-4, C-О-1, C-O-2, жергілікті мемлекеттік органдар үшін – D-2, D-3, D-O-1, D-O-2) және басшы емес құрам.
      Мемлекеттік органның бірінші басшысы өзгерген жағдайда, оны тағайындау актінің уақыты мен нөмірі, бірінші басшы өзгергеннен кейін жұмыстан босатылған басшылық құрамның және басшылық емес құрамның мемлекеттік қызметшілер саны есепті жылдың соңына дейін көрсетіледі.



Жұмыстан босату негіздері

Жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілердің саны

Барлығы

Басшы қызметшілер

Басшы емес қызметшілер

С, D

С-О, D-O

1

- теріс негіздермен, оның ішінде:





- аттестация нәтижесінде теріс негіздермен;





- тәртіптік жаза салдарынан;





- сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылыққа байланысты;





- басқа теріс негіздермен





2

- зейнетке шығуына байланысты;





3

- басқа мемлекеттік органға «орталық-өңір», «өңір-орталық», «өңір-өңір» сызбасы бойынша ауысуына байланысты;





4

- мемлекеттік саяси қызметке кетуіне байланысты;





5

- жоғары тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысуына байланысты *





6

- тең мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысуына байланысты **;





7

- төмен тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысуына байланысты ***;





8

- ауру, қайтыс болуына байланысты;





9

- мемлекеттік органның қайта құрылуы немесе штаттың қысқаруына байланысты;





10

- негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты (бала күтімі бойынша, шетелде және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқуына байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыстан)





11

- өз еркімен, оның ішінде:





- мемлекеттік емес құрылымға кетуіне байланысты;





- әскери және құқық қорғау органдарына кетуіне байланысты;





- кеткен жұмыс орны белгісіз





Барлығы





Саяси мемлекеттік қызметшілер өзгергеннен кейінгі ауысушылық

      Мемлекеттік органда саяси мемлекеттік қызметшілер (министр, агенттік төрағасы, министр орынбасарлары, агенттік төрағасының орынбасарлары, жауапты хатшылар, аппарат басшысы (Төтенше жағдайлар министрлігінде әкімшілік мемлекеттік қызметші болып табылады) ауысқан жағдайда толықтырылады.

       Тағайындау актінің уақыты мен нөмірі, саяси мемлекеттік қызметші өзгергеннен кейін жұмыстан босатылған басшылық құрамның мемлекеттік қызметшілер саны есепті жылдың соңына дейін көрсетіледі.



Жұмыстан босату негіздері

Жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілердің саны

Барлығы

Басшы қызметшілер

С, D

С-О, D-O

1

- теріс негіздермен, оның ішінде:




- аттестация нәтижесінде теріс негіздермен;




- тәртіптік жаза салдарынан;




- сыбайлас жемқорлықты құқықбұзушылыққа байланысты;




- басқа теріс негіздермен




2

- зейнетке шығуына байланысты;




3

- басқа мемлекеттік органға «орталық-өңір», «өңір-орталық», «өңір-өңір» сызбасы бойынша ауысуына байланысты;




4

- мемлекеттік саяси қызметке кетуіне байланысты;




5

- жоғары тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысуына байланысты *;




6

- тең мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысуына байланысты **;




7

- төмен тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысуына байланысты ***;




8

- ауру, қайтыс болуына байланысты;




9

- мемлекеттік органның қайта құрылуы немесе штаттың қысқаруына байланысты;




11

- негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты (бала күтімі бойынша, шетелде және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқуына байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыстан)




12

- өз еркімен, оның ішінде:




- мемлекеттік емес құрылымға кетуіне байланысты;




- әскери және құқық қорғау органдарына кетуіне байланысты;




- кеткен жұмыс орны белгісіз




Барлығы




       Басшы лауазымдардың орташа штаттық саны туралы ақпарат


Басшы лауазымдар

Басшы емес лауазымдар

Орташа штат саны (штат саны мемлекеттік органның әрбір тоқсанның соңғы күндегі жағдайы бойынша есептеледі және жылдың әрбір тоқсан санына бөлінеді (4))



      * бұрынғы лауазымына қарағанда мемлекеттік қызмет өтілі бойынша жоғары талаптар қойылатын лауазым.
      ** бұрынғы лауазымына қарағанда мемлекеттік қызмет өтілі бойынша тең талаптар қойылатын лауазым.
      *** бұрынғы лауазымына қарағанда мемлекеттік қызмет өтілі бойынша төменгі талаптар қойылатын лауазым.

      Мемлекеттік органның  _____________ ___________________________
      басшысы                 (қолы)     (қолтаңбаның толық жазылуы)

      Мемлекеттік органның  _____________ ___________________________
      тиісті құрылымдық        (қолы)    (қолтаңбаның толық жазылуы)
      бөлімшесінің басшысы
                                          «____ »____________ 20___ж.

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының           
2012 жылғы 29 желтоқсандағы   
№ 02-01-02/191 бұйрығына    
4-қосымша            

Персоналды басқару тиімділігін
бағалау әдістемесіне     
5-қосымша           

Бос лауазым орындарынан пайда болған, оның ішінде
қызметкерлердің ұзақ мерзімді оқуға немесе бала күтімі демалысына
кету себептері бойынша адамға арналған күндердің саны туралы ақпарат


р/с

Лауазымының толық атауы

Лауазым бос болған уақыт кезеңі (күн, ай, жыл)

Лауазым бос болған жұмыс күндерінің барлық саны

Мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкес құрылымдық бөлімшенің (бөлім, басқарма, департамент) толық атауы

Мемлекеттік органның орташа штат саны көрсетіледі (штат саны мемлекеттік органның әрбір тоқсанның соңғы күндегі жағдайы бойынша есептеледі және жылдың әрбір тоқсан санына бөлінеді (4))

...




Барлығы




Адамға арналған күндердің саны, оның ішінде мемлекеттік
қызметшілердің ауыруы және басқа себептер бойынша (жалақы
сақталмайтын демалыс, жұмыстан шеттетілу) бос болған лауазымдар туралы ақпарат


р/с

Лауазымының толық атауы

Лауазым бос болмаған уақыт кезеңі (күн, ай, жыл)

Лауазым бос болмаған жұмыс күндерінің барлық саны

Мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкес құрылымдық бөлімшенің (бөлім, басқарма, департамент) толық атауы

Мемлекеттік органның орташа штат саны көрсетіледі (штат саны мемлекеттік органның әрбір тоқсанның соңғы күндегі жағдайы бойынша есептеледі және жылдың әрбір тоқсан санына бөлінеді (4))

...




Барлығы




      Мемлекеттік органның  _____________ ___________________________
      басшысы                 (қолы)     (қолтаңбаның толық жазылуы)

      Мемлекеттік органның  _____________ ___________________________
      тиісті құрылымдық        (қолы)    (қолтаңбаның толық жазылуы)
      бөлімшесінің басшысы
                                          «____ »____________ 20___ж.

Қазақстан Республикасы      
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының           
2012 жылғы 29 желтоқсандағы   
№ 02-01-02/191 бұйрығына    
5-қосымша             

Персоналды басқару тиімділігін
бағалау әдістемесіне   
7-қосымша           

Мемлекеттік органның қызметкерлерін жоғарылату туралы ақпарат


р/с

Мемлекеттік органның ішінде жоғары лауазымға тағайындалған адамның аты-жөні

Мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкес құрылымдық бөлімшенің (бөлім, басқарма, департамент) толық атауы көрсетіле отырып, лауазымның толық атауы

Мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкес құрылымдық бөлімшенің (бөлім, басқарма, департамент) толық атауы көрсетіле отырып, бұрынғы атқарған лауазымының толық атауы

Лауазымға тағайындалған күні, тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі

1





2





...





Барлығы





С-6, С-О-6, D-5, D-O-5 санаттарына мемлекеттік органның өз ішінде,
сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан қызметке тағайындалған
мемлекеттік органдардың қызметкерлері туралы ақпарат


р/с

Мемлекеттік органның ішінде жоғары лауазымға тағайындалған адамның аты-жөні

Мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкес құрылымдық бөлімшенің (бөлім, басқарма, департамент) толық атауы көрсетіле отырып, лауазымның толық атауы

Мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкес құрылымдық бөлімшенің (бөлім, басқарма, департамент) толық атауы көрсетіле отырып, бұрынғы атқарған лауазымының толық атауы

Лауазымға тағайындалған күні, тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі

...





Барлығы





      Мемлекеттік органның  _____________ ___________________________
      басшысы                 (қолы)     (қолтаңбаның толық жазылуы)

      Мемлекеттік органның  _____________ ___________________________
      тиісті құрылымдық        (қолы)    (қолтаңбаның толық жазылуы)
      бөлімшесінің басшысы
                                          «____ »____________ 20___ж.

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының          
2012 жылғы 29 желтоқсандағы  
№ 02-01-02/191 бұйрығына    
6-қосымша             

Персоналды басқару тиімділігін
бағалау әдістемесіне     
13-қосымша           

(күні көрсетіледі) жағдайы бойынша (мемлекеттік орган атауы) есеп
«орталық – өңір» сызбасы бойынша кадрлардың ауысуы бойынша*

Қызметкердің аты-жөні

Қандай мемлекеттік органнан ауысты (жұмыс орнының атауы мен лауазымы)

Қандай мемлекеттік органға ауысты (жұмыс орнының атауы мен лауазымы)

1




2




...




Барлығы




«өңір – орталық»*

Қызметкердің аты-жөні

Қандай мемлекеттік органнан ауысты (жұмыс орнының атауы мен лауазымы)

Қандай мемлекеттік органға ауысты (жұмыс орнының атауы мен лауазымы)

1




2




...




Барлығы




«өңір – өңір»*

Қызметкердің аты-жөні

Қандай мемлекеттік органнан ауысты (жұмыс орнының атауы мен лауазымы)

Қандай мемлекеттік органға ауысты (жұмыс орнының атауы мен лауазымы)

1




2




...




Барлығы




      * «орталық-өңір», «өңір-орталық», «өңір-өңір» қағидасы бойынша
мемлекеттік органда лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілер болған жағдайда кесте толтырылады.

      Мемлекеттік органның  ____________  ___________________________
      басшысы                 (қолы)     (қолтаңбаның толық жазылуы)

      Мемлекеттік органның  ____________  ___________________________
      тиісті құрылымдық        (қолы)    (қолтаңбаның толық жазылуы)
      бөлімшесінің басшысы
                                          «____ »____________ 20___ж.

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының           
2012 жылғы 29 желтоқсандағы   
№ 02-01-02/191 бұйрығына    
7-қосымша            

Персоналды басқару тиімділігін
бағалау әдістемесіне     
15-қосымша           

Сауалнама

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі сауалнама жүргізеді. Осы жүргізудің мақсаты – Сіз жұмыс істейтін мемлекеттік органда персоналды уәждеу бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін анықтау. Сауалнама анонимді болып табылады.

Қызметкерлердің мемлекеттік орган қызметіне қатысу дәрежесі

1.

Осы мемлекеттік органда (атқаратын лауазымда) жұмысымның мақсаттары түсінікті және айқын

Иә
Жоқ


2.

Өзімді мемлекеттік органның маңызды бөлігі ретінде сезінемін

Иә
Жоқ


Көтермелеу жүйесімен қанағаттандырылу дәрежесі

3.

Менің қызмет атқарып жүрген мемлекеттік органда диффренциалданған тәсіліне негізделген материалдық ынталандыру шаралары қолданады

Иә
Жоқ


4.

Мемлекеттік органда материалдық емес уәждеу шаралары қолданылады (наградтар, грамоталар, алғыс хаттар, абырой тақтасы)

Иә
Жоқ


5.

Мен жұмыс істейтін органда уәждеу жүйесі тиімді болып табылады

Иә
Жоқ


Мансаптық өсу мүмкіндіктерімен қанағаттану дәрежесі

6.

Мен жұмыс істейтін мемлекеттік органда өзімнің кәсіби және қызметтік өсу мүмкіндігімді көремін

Иә
Жоқ


7.

Мен жұмыс істейтін мемлекеттік органның беделі бар

Иә
Жоқ


Мемлекеттік органда еңбектің ұйымдастырылуымен қанағаттану дәрежесі

8.

Менің өз функционалдық міндеттерімді орындау үшін қолайлы жағдай жасалған

Иә
Жоқ


9.

Жұмыста кешігемін және/немесе демалыс күндері жұмыс істеймін

Иә
Жоқ


10.

Мен жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде жұмыс бірқалыпты және функционалдық міндеттерге сәйкес бөлінген

Иә
Жоқ


Мемлекеттік қызметшілердің оқыту жүйесіне қанағаттандырылу дәрежесі

11.

Біліктілікті арттыру семинарларының/қайта даярлау курсының тақырыбы менің қызмет бейініне және мемлекеттік органның мақсаты мен міндетіне сәйкес келеді

Иә
Жоқ


12.

Мен алған білім мен ептілік тәжірибелік сипатқа ие және өз қызметімде қолданамын

Иә
Жоқ


Мемлекеттік қызметшілерді бағалау жүйесіне қанағаттандырылу дәрежесі

13.

Қолданылатын бағалау менің кәсіби және жеке қасиеттерімді есептейді

Иә
Жоқ


14.

Мемлекеттік органда қолданылатын еңбек нәтижелерін бағалау объективтілік, анықтылық және ашықтылық қағидаларына сәйкес келеді

Иә
Жоқ


15.

Мемлекеттік қызметшілер еңбектерін бағалау нәтижелері негізінде материалдық көтермеленеді

Иә
Жоқ


Толтырушы туралы мәліметтер


Жынысыңыз




Ер

Әйел

Лауазымыңыз


Басқарушы (басқарма/бөлім бастығы және жоғары)

Атқарушы (сарапшы, бас сарапшы, маман және т.б.)

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының           
2012 жылғы 29 желтоқсандағы   
№ 02-01-02/191 бұйрығына    
8-қосымша              

Персоналды басқару тиімділігін
бағалау әдістемесіне     
16-қосымша           

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне
ұсынылған деректі салыстырып тексеру акті
________________________________________________________________
(орталық аппарат және ведомстволар немесе облыс әкімінің аппараты
және облыс басқармалары)
20__ жылы қорытындылары бойынша персоналды басқару бағалау үшін

№ т

Өлшем/ көрсеткіштің атауы

Меморганның деректері

Анықталған деректері

Меморганның деректері

Анықталған деректері

1

ОА (немесе әкім аппараты)

Құрылымдық бөлімше/
ведомство/
аумақтық бөлімше/
облыс басқармасы

1-өлшем





2

1.1.-көрсеткіш





3

1.2.-көрсеткіш





4

...-көрсеткіш





5

1-өлшем





6

2.1.-көрсеткіш





7

2.2.-көрсеткіш





8

...-көрсеткіш





Салыстырып тексеруді атқарған ________  _____________________
МҚІА қызметкері               (қолы)  (қолтаңбаның толық жазылуы)

Мемлекеттік органның  ____________  ___________________________
басшысы                 (қолы)     (қолтаңбаның толық жазылуы)

Мемлекеттік органның  ____________  ___________________________
тиісті құрылымдық        (қолы)    (қолтаңбаның толық жазылуы)
бөлімшесінің басшысы
                                      «____ »____________ 20___ж.

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының          
2012 жылғы 29 желтоқсандағы   
№ 02-01-02/191 бұйрығына    
9-қосымша             

Персоналды басқару тиімділігін
бағалау әдістемесіне     
17-қосымша           

Келіспеушілік кестесі
________________________________________________________________
(орталық мемлекеттік органның атауы)

      ________________
      (есепті кезең)

Уәкілетті органның қорытындысы

Сөгу түрі

Бағаланушы мемлекеттік органның қарсылығы

Шағым қорытындылары бойынша шешім

Ескертпе

1






2






3






4






      Шағым қорытындыларын ескере отырып, жалпы балл ___ құрды.

Комиссияның Төрағасы, оның лауазымы _____  __________________________
                                   (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)
Шағым қорытындыларымен таныстым,
қарсы емеспін

Мемлекеттік органның өкілі, оның ______  ___________________________
лауазымы                         (қолы)  (қолтаңбаның толық жазылуы)

                                    «____» ______________20___ж.