Асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша экспорттаушылардың (Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып а

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 480 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 08 қаңтарда № 8258 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 677 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.10.2017 № 677 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары 19-тармағының 5) тармақшасына және Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары 21-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша экспорттаушылардың (Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алу) мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Сәтбаев Р.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің


орынбасары - Қазақстан


Республикасы Индустрия


және жаңа технологиялар министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2012 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 480 бұйрығымен бекітілген

Асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды
сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша
экспорттаушылардың (Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі
нарығында өңделмеген асыл тастарды және (немесе) өңделмеген
табиғи алмастарды сатып алу) мәмілелерін есепке алу туралы
растауды беру қағидалары
1. Жалпы талаптар

      1. Осы Асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша экспорттаушылардың (Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алу) мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысымен бекітілген Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары 19-тармағының 5) тармақшасына және Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары 21-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларының 19-тармағы 5) тармақшасына және Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларының 21-тармағы 8) тармақшасына сәйкес әзірленген және асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша экспорттаушылардың (Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында өңделмеген асыл тастарды және (немесе) өңделмеген табиғи алмастарды сатып алу) мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру тәртібін айқындайды.

2. Экспорттаушылардың мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру

      2. Экспорттаушының мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру үшін мәлімдеуші Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаментіне (бұдан әрі – аумақтық департамент) мынадай құжаттарды:

      1) еркін нысанда жазылған экспорттаушылардың мәмілелерін есепке алу туралы растауды беру туралы мәлімдеме;

      2) асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу арнайы есепке алу туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) бағалы тастарды немесе өңделмеген табиғи алмастарды сатып алуға арналған келісімшарттың (шарттың) көшірмесін ұсынады.

      3. Аумақтық департаментке түпнұсқамен бірге салыстыру үшін құжаттардың көшірмелері не олардың нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

      4. Аумақтық департамент ұсынылған құжаттарды қарайды және алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша экспорттаушылардың мәмілелерін есепке алу журналына мәмілелер туралы ақпаратты енгізеді;

      2) жазбаша нысанда мәмілелерді есепке алу туралы растауды береді.

      5. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, мәлімдеме қараусыз қалады, бұл туралы құжаттар қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде дәлелді жауап хатпен мәлімдеушіге хабарланады.

  Асыл тастарды және (немесе)
өңделмеген табиғи алмастарды
сатып алуға берілген келісімшарттар
(шарттар) бойынша экспорттаушылардың
(Кеден одағына мүше мемлекеттердің
ішкі нарығында өңделмеген асыл
тастарды және (немесе) өңделмеген
табиғи алмастарды сатып алу)
мәмілелерін есепке алу туралы растауды
беру қағидаларына
қосымша
нысан

Экспорттаушылардың мәмілелерін есепке алу журналы*

р/н

Есепке алу жазбасы жазылған күні

Бағалы тастарды сатып алуға келісімшарттың (шарттың) номері (бар болса) және күні

Мәмілеге қатысушы туралы мәлімет (заңды тұлға үшін - оның атауы және орналасқан орны, жеке тұлға үшін - аты-жөні және тұратын жері)

Мәміле мәнінің атауы

















      *Ескертпе: Экспорттаушылардың мәмілелерін есепке алу журналы қағаз тасымалдаушыда жүргізіледі, тігілуі және номерленуі тиіс. Соңғы бетте журнал беттерінің саны және журналдың басталған күні қойылады, олар басшының қолымен және уәкілетті органның мөрімен куәландырылады.