"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрін

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 523 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8225 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 425 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысының «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалының аумағына 2012 жылы саны 60 (алпыс) бас құланды жерсіндіруге рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
      1) белгіленген тәртіппен Алматы облысының «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағынан саны 60 (алпыс) бас құланды жерсіндіру мақсатында тірідей аулауға рұқсат берсін;
      2) кұландарды жерсіндіру жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов