"Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 539 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 желтоқсанда № 8202 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 640 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
      кестенің 3-бағанында:
      «Оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды оқытуға» деген жолдағы «1400» деген сандар «1300» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Оның ішінде Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде Түрік Республикасынан, басқа түркі тілдес республикалардан студенттерді оқытуға» деген жолдағы «100» деген сандар «200» деген сандармен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
      «Магистратураға қабылдау» деген кестеде:

Атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы

Оқу жылы ішінде 1 магистрантты оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңгемен)

2012 жылғы 4 айға

2013 жылғы 8 айға

1

2

3

4

Ұлттық ЖОО, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Халықаралық ақпараттар технологиялары университеті

4214

215,4

430,9

Басқа ЖОО

2490

132,0

264,0

Назарбаев университеті

100

2023,2

3339,0

Өнер ЖОО

55

X

X

Ауғанстан азаматтары

30

215,4

430,9

Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалы

20

375,6

751,2

Барлығы

6909



      «деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы

Оқу жылы ішінде 1 магистрантты оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңгемен)

2012 жылғы 4 айға

2013 жылғы 8 айға

1

2

3

4

Ұлттық ЖОО, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Халықаралық ақпараттар технологиялары университеті

3341

215,4

430,9

Басқа ЖОО

3378

132,0

264,0

Өнер ЖОО

55

Х

Х

Ауғанстан азаматтары

15

215,4

430,9

Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалы

20

375,6

751,2

Барлығы

6809



      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов