"Реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшiн ақыны өндiрiп алу мөлшерi мен тетiгiн келiсу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төр

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 19 қарашадағы № 289-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 желтоқсанда № 8199 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшiн ақыны өндiрiп алу мөлшерi мен тетiгiн келiсу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 7 тамыздағы № 192-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4358 нөмірмен тіркелген, "Ресми газет" газетінің 2006 жылғы 23 қыркүйекте № 39 (300) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшiн ақыны өндiрiп алу мөлшерi мен тетiгiн келiсу ережесiнде:

      3-тармақтың 1), 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) есептеу құралы - заңнамада белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтыну көлемiн есептеуге арналған техникалық құрылғы;

      2) төлем құжаты - табиғи монополия субъектiсiнiң құжаты (есептеу құралдары көрсеткiштерiнiң негiзiнде жасалған шот, хабарлама, түбiртек, ескерту шоты) оның негiзiнде реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) төлем жүргiзiледі;

      3) тұтынушы – табиғи монополия және реттелетiн нарық субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенушi жеке немесе заңды тұлға;";

      4-тармақтың екінші бөлімі алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Үй-жайлардың алаңына не тұрғын үйдегi пәтерлердiң санына қарай Ақы және Ақыны өндiрiп алу мерзiмi сараланады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Субъект ақыны бекiту туралы бұйрықты уәкiлеттi органға қарауға және келiсу үшін Кестенi, сондай-ақ Субъектiнiң реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату шығындарын негiздейтiн есептердi және құжаттарды қоса бере отырып, оған қол қойған күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде ұсынады. Негiздеушi материалдардың әрбiр парағына Субъектiнiң бiрiншi басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Уәкілетті орган Субъектінің Ақыны бекіту туралы шешімін және Ақы есебіне негіздеуші материалдары қарау нәтижелері бойынша Субъектіге келісілгені туралы хат жібереді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Субъект ұсынған Кестенi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына жолдайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ақпарат құралымдығы коммерциялық құпия уәкiлеттi органға оны ұсынудан бас тартуға негiзi болып табылмайды, бұл ретте Субъект және өзге де мүдделi тұлғалар уәкiлеттi органға ақпаратты ұсынған кезде коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң тiзбесiн айқындайтын iшкi актiнiң қосымшасын қоса бере отырып, коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң толық тiзбесiн көрсетеді.";

      11-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Құбыржолдары және су кәрiзi жүйелерi саласындағы реттеу департаментi (А.Г. Асқарова):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi;

      2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.В. Шкарупаға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М. Оспанов