"Аудиторлық қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № 514 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 желтоқсанда № 8190 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 227 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 29.01.2013 № 15/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 2012 жылға коммуналдық қызмет шығындарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 9 ақпандағы № А-2/59 қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Есіл аудандық мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 20 ақпандағы № 2/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-11-151 тіркелген, 2012 жылғы 30 наурызда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақтың 8) тармақшасындағы екінші азат жол алынып тасталсын;
      1 тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен ай сайын жүз пайыз мөлшерде коммуналдық қызмет ақысының шығындарын өтеуге.»;
      2 тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына коммуналдық қызмет ақысының шығындарын өтеуге:
      өтініш;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      коммуналдық қызметтің төленгендігін растайтын құжаттардың (түбіртектер, чектер, жүкқұжаттар) көшірмесі.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       В.Казимиров

      Аудандық
      мәслихат хатшысы                           С.Құдабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Есіл ауданының әкімі                       Қ.Рахметов