"Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу" және "Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйел

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 09 қарашадағы № 760 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8166 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 209 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 26.03.2014 № 209 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. «Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 84 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2011 жылы 3 мамырда № 6934 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің     
2012 жылғы 9 қарашадағы
№ 757 бұйрығымен   
бекітілген      

«Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін
компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы
қорытындылар беру» мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Регламент «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» (бұдан әрі - Регламент) «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 6 тамыздағы № 1026 қаулысына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы 9-1 бабы 4-тармағына және «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1265 Қаулысына сәйкес әзірленді.
      2. Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік қызмет алушы (бұдан әрі - алушы) – заңды және жеке тұлға;
      2) құрылымдық-функционалдық бірлік (ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелері немесе олардың кіші жүйелері (бұдан әрі - ҚФБ);
      3) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды (бұдан әрi – қорытынды).
      3. Мемлекеттік қызмет «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» (бұдан әрі - мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Байланыс және ақпараттандыру комитет (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнiң 651-бабының 3-тармағына;
      2) Стандартына сәйкес көрсетiледi.
      6. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйесінің (бұдан әрі - КЖ) техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыларды немесе бас тарту себептері туралы дәлелденген жауапты жазбаша түрде беру болып табылады.
      7. Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлік жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды Стандарттың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша қағаз тасығышта беріледі.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

      9. Мемлекеттік қызметті уәкілетті органмен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қызмет алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді. Жедел қызмет көрсету тәртібі көзделмеген. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 757 кабинет, телефон: 8(7172) 74-06-85.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы ақпарат Министрлiктің www.mtс.gov.kz ақпараттық ресурсында немесе 8 (7172)74-06-85 телефоны бойынша орналастырылған.
      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы немесе оның сенім хаты бойынша уәкілетті өкілі Стандарттың 11-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсынады.
      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсетуде кері қайтару негіздері Стандарттың 11-тармағында.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін алушының құжаттарын қабылдау Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күні ішінде бір адам жүзеге асырады.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңі:
      1) қажетті құжаттары мен материалдары бар ілеспе хат Комитетке жолданады;
      2) құжаттар мен материалдарды қабылдауды Комитеттің кеңсесі мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14 - кіреберіс, телефоны: (87172) 74-03-64;
      3) талаптарға сәйкес келген құжаттар тiркеу мөртабанында нөмiрi, күнi мен парақтарының саны көрсетiлiп, бақылау белгiлерi көрсетiлумен бірыңғай электрондық құжаттар айналымы жүйесінде (бұдан әрі - БЭҚАЖ) тiркеледi. Алушы Комитеттің БЭҚАЖ тiркелген мөртаба (кiрiс нөмiрi, күнi) қойылған өтiнiштiң көшiрмесiн алады. Құжаттар пошта арқылы тапсырылған жағдайда, алушы Комитеттің ҚҚҚ-да құжаттар пакетін қарауға қабылданғандығы туралы 8(7172)74-03-64 телефоны бойынша бiле алады;
      4) тiркелген, тиiсiнше ресiмделген құжаттар пакетi кейінгі сараптаманы өткізу уақыты мен орнын анықтаумен Комитеттің орындаушысына жiберiледi;
      5) тиiстi шешiмдi бекiту үшiн Орталық атқарушы органға ұсыну;
      6) КЖ сараптамасын ұйымдастыру бойынша iс-шараларды өткiзу және сараптама қорытындысын құрастыру;
      7) сәйкестiк актiсiн жасау және қорытындыны дайындау;
      8) қорытындыға қол қою;
      9) қорытындыны алушыға беру, қорытындыны беру журналында тіркейді.
      16. Әр ҚФБ-нің іс-әрекетінің (рәсімдерінің) нақты орындалу мерзімі және әкімшілік қарым-қатынастары мен мәтіндік кестелік сипаттар тізбегі осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық тізбегі мен ҚФБ-нің арасындағы өзара қарым-қатынастарды бейнелейтін сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

«Бақылау-касса машиналарының     
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн  
компьютерлiк жүйесінiң техникалық  
талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны
беру» мемлекеттiк қызмет регламентiне
1-қосымша               

1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы

Негiзгi үдерістің (барысының, жұмыс ағынының) iс-әрекетi

1

Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

Орталық атқарушы органның ҚҚҚ қызметкерi

Орталық атқарушы органның қызметкерi

Сараптамалық комиссия

Орталық атқарушы органның басшысы

3

Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, операцияның, рәсiмнiң)атауы және олардың сипаттамасы

Сараптама өткiзу үшiн КЖ иелерi құжаттарын қабылдау және тiркеу

Құжаттарды қарастыру және КЖ сараптамасын жүргiзудi белгiлеу немесе бас тарту бойынша шешiмдi бекiту

КЖ сараптамасы

КЖ сараптамасы қорытындыларын қарау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкiмдiк шешiм)

Тиiстi шешiмдi бекiту үшiн Орталық атқарушы органға ұсыну

КЖ сараптамасын ұйымдастыру бойынша iс-шараларды өткiзу және сараптама қорытындысын құрастыру.

Сәйкестiк актiсiн жасау және қорытындыны дайындау.

Қорытындыға қол қою

5

Орындалу мерзiмi

15 минут

күнтiзбелiк 5 күн

күнтiзбелiк 23 күн

күнтiзбелiк 2 күн

«Бақылау-касса машиналарының     
мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін  
компьютер жүйесінің техникалық    
талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар
беру» мемлекеттiк қызмет регламентiне 
2-қосымша               

Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік әрекеттердің
логикалық тізбегі мен ҚФБ-нің арасындағы өзара
қарым-қатынастарды бейнелейтін сызбалар