"Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру" мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № 825 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8149 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 5 ақпандағы № 110 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 05.02.2015 № 110 бұйрығымен.

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы       
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы     
№ 825 бұйрығымен         
бекітілген             

«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрi – Регламент) 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 14-тармақшасының, «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысы (бұдан әрi – Стандарт) және «Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 87 бұйрығы (2011 жылы 12 сәуірде «Егемен Қазақстан» және 2011 жылы 30 сәуірде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланып, № 6817 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелді) (бұдан әрi – Қағида) негізінде жүзеге асырылады.
      2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік қызметті алушы – бұл дара кәсіпкер, жеке және заңды тұлғалар;
      2) жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты (бұдан әрі - сертификат) - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында жүк көлік құралдарын өлшеудің 2004 жылғы 16 сәуірде Чолпон-Ата қаласында жасалған халықаралық келісіміне қатысушы болып табылатын мемлекеттердің құзыретті органдары беретін көлік құралының салмақтық параметрлері туралы дәйекті деректерді қамтитын құжат.
      3. «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетіледі.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабы 14-тармақшасы;
      2) Стандарт;
      3) Қағида негізінде көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті аяқтаудың нысаны тасымалдаушы және/немесе жүргізушіге қағаз түрінде сертификат беру болып табылады.
      8. Мемлекеттік қызмет өзге мемлекеттік органдардың қатысуынсыз көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерінсіз тәулік бойы ұсынылады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат, сондай-ақ Сертификатты толтыру үлгісі:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында www.mtc.gov.kz мекенжай бойынша («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
      2) Стандартта 2-қосымшада көрсетілген құзыретті органдар ғимаратында орналасқан стенділерде;
      3) 1414 call-орталығында;
      4) Стандартта орналастырылған.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      Сертификат алушының өтініші келіп түскен сәттен бастап 1 сағат ішінде беріледі.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негізі көзделмеген.