"2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 15-07/510 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 15-07/571 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 29 қарашада № 8119 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 15-07/510 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7997 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (С.С. Хасенов) заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 12 қарашадағы 
№ 15-07/571 бұйрығына  
қосымша           

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2012 жылғы 10 қазандағы  
№ 15-07/510 бұйрығымен   
бекітілген          

2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар
бойынша астық сатып алу квоталары

Облыс атаулары

Мемлекеттік ресурстарға астық сатып
алу квотасының көлемі, мың тонна

Ақмола

41,0

Шығыс Қазақстан

8,0

Қарағанды

5,5

Қостанай

52,2

Павлодар

3,0

Солтүстік Қазақстан

59,1

БАРЛЫҒЫ

168,8