Сапаға сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбін әзiрлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 441 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 қазанда № 8034 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 406 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 28.04.2021 № 406 (06.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 19-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сапаға сыртқы бақылауды жүргізу тәртiбін әзiрлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн және кейіннен оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жәмішев


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 441 бұйрығымен
бекітілген

Сапаға сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбін әзiрлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Сапаға сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбін әзiрлеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 19-бабы 3-тармағына сәйкес кәсiби аудиторлық ұйымдардың аудиторлық ұйымдар сапасына сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбін әзiрлеу бірыңғай қағидаларын айқындау мақсатында әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) сапаға сыртқы бақылау – кәсіби аудиторлық ұйымдармен өз мүшелеріне қатысты жүзеге асырылатын аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын сақтауына бағытталған сапаны бақылау;

      2) бақылаушы – кәсiби аудиторлық ұйымның атқарушы басқару органы оның құрамына кірушілердің аудиторлардың арасынан тағайындайтын тұлға, оның міндетіне сапаға сыртқы бақылауды жүзеге асыру кіреді.

      3. Сапаға сыртқы бақылаудың мақсаты аудит жөніндегі қызметтердi қамтамасыз ету және сапасын тұрақты түрде арттырып отыру үшін жағдай жасау болып табылады.

      4. Сапаға сыртқы бақылауды өз қызметін аудитор ретінде жүзеге асыратын аудиторлармен жүргiзіледі.

      5. Сапаға сыртқы бақылау келесі түрлерге бөлінеді:

      1) жоспарлы;

      2) жоспардан тыс.

      6. Сапаға жоспардан тыс сыртқы бақылаудың негізі келесі болып табылады:

      1) аудиторлық ұйымның арызына байланысты қайталама тексеру;

      2) келіп түскен шағымдар және алынған ақпараттар бойынша аудиторлық қызмет саласында реттеу мен аудиторлық және кәсiби ұйымдардың қызметiне бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) өтініші;

      3) аудиторлық ұйымның "3", "2" баға алуы кәсiби аудиторлық ұйымның шешімімен айқындалатын мерзімге анықталған кемшіліктердің жойылғанын растау мақсатында.

      7. Әрбір аудиторлық ұйым бойынша сапаға жоспарлы сыртқы бақылауды жүргізу мерзімін сәйкес кәсіби аудиторлық ұйыммен бекітілген ішкі жоспарға сәйкес анықталады. Бұл ретте бақылаушылардың сапаға сыртқы бақылауды жүргізу мерзімі 10 жұмыс күнінен аспауы, ал сапаға сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша бағаны анықтау үшін – кемінде екі ай болуы тиіс.

2. Сапаға сыртқы бақылауды жүргізу тәртiбін әзiрлеу қағидалары

      8. Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібі:

      1) сапаға сыртқы бақылау рәсімдерін ұйымдастыру бойынша мәселелерді;

      2) сапаға сыртқы бақылау рәсіміне қатысқан бақылаушының не басқа адамдарды шеттетудің (өздігінен бас тартудың) негізі;

      3) сапаға сыртқы бақылауды жүргізудің бағдарламасы мен кезеңдерін;

      4) онда құрылтайшы және құқық белгілеуші құжаттар, лицензиялар, аудиторлардың біліктілік куәліктері, аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша құжаттар, кадрлық құрам жөніндегі құжаттар, аудит сапасына сыртқы бақылау жөніндегі ішкі құжаттар, орындалған аудиторлық тапсырмалар бойынша жұмыс құжаттары қамтылатын аудиторлық ұйымның сапасына сыртқы бақылауды жүргізу барысында тексеруге жататын құжаттарының тізбесін;

      5) сапаға сыртқы бақылауға ұшырайтын аудит жөніндегі жобаларды іріктеу өлшемдерін;

      6) аудиторлық ұйымның сапасына ішкі бақылау жүйесін, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының сақталуын, сондай-ақ аудиторлық қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуын тексеру мәселелерін;

      7) жекелеген аудиторлық тапсырмалардың сапасын тексеру мәселелерін;

      8) сапаға сыртқы бақылауды жүргізу барысында кәсіби ұйымға қол жетімділік берілген ақпаратты қорғау бойынша шараларды;

      9) бақылаушылардың есептілігі мен аудиторлық ұйымның сапаға сыртқы бақылаудан өту нәтижелерін ресімдеуді қамтиды.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2014.09.17 № 401 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Аудиторлық ұйымдардың және олардың клиенттерінің мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүргізудің тәртібі келесілерді қосатын аудиторлық ұйымның құқықтарын қамтиды:

      1) өз клиенттерін оларда сапаға бақылау жүргізілетіні туралы сапаға бақылау жүргізілгенге дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабардар ету;

      2) жұмыс сапасына сыртқы тексеру жүргізу мерзімі, бақылаушылардың кандидатуралары бойынша кәсіби аудиторлық ұйымға уәжделген қарсылықтарын ұсыну;

      3) тексеру нәтижелері туралы кәсіби ұйымның қорытындысын сапаға сыртқы бақылау аяқталғаннан кейінгі 30 жұмыс күні ішінде алуға;

      4) кәсіби аудиторлық ұйымның қорытындысына сот тәртiбiнде шағым жасау.

      10. Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүргізудің тәртібі аудиторлық ұйымның келесілерді қосатын міндеттемелерін қамтиды:

      1) аудит бойынша қызметтердің сапасына сыртқы бақылауды уақтылы және толық жүргізу үшін бақылаушыларға қажетті жағдай жасау;

      2) кәсіби аудиторлық ұйымның бақылаушыларына қажетті құжаттар мен ақпараттарды (аудитор үшін – сапаға сыртқы бақылау жүргізу кезінде қатысуы) толық көлемде, уақтылы беруге жан-жақты көмек көрсету мақсатында сапаға сыртқы бақылауды жүргізу кезіне аудиторлық ұйымның жауапты адамын (аудиторды) тағайындау;

      3) жұмыстың сапасына сыртқы бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды, қажет болған жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымның бақылаушыларының ауызша және жазбаша сұратулары бойынша толық түсініктемелер мен түсіндірмелерді толық көлемде ұсыну;

      4) жүргізілген сапаға сыртқы бақылау нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым "4" бағасынан төмен баға алған жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымға кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ оны орындау бойынша есептерді екі ай ішінде ұсыну.

      11. Жүргізілген сапаға сыртқы бақылау нәтижелері бойынша сапаға сыртқы бақылауды жүргізу тәртібінде Қағидалар қосымшасына сәйкес аудиторлық ұйымның аудит бойынша қызметін бағалау өлшемі және бағаның анықталатын цифрлық баламасы көзделген.

      12. Жүргізілген сапаға сыртқы бақылау нәтижесінде айқындалған аудиторлық ұйымның бағасы кәсіби аудиторлық ұйымның сайтында жарияланады.

      13. Аудит бойынша қызметтердің сапасын арттыру мақсатында бірнеше рет (екі рет) "2" бағасының болуы аудиторлық ұйымды кәсіби аудиторлық ұйымнан шығару үшін жеткілікті негіз болып табылады.

      14. Жүргізілген сапаға сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымдар "3" және (немесе) "2" бағаларын бірнеше рет (екі рет) алған жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымның уәкілетті мемлекеттік органға аудиторлық ұйымды жауапқа тарту туралы жазбаша өтінішпен жүгінуіне негіз болып табылады.

      15. Сапаға сыртқы бақылауды жүргізу тәртібінде, кәсіби ұйымға кіру туралы өтініш берген аудиторлық ұйым бұдан бұрын сапаға сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша аудиттің Халықаралық стандарттарын бұзуға жол бергені үшін осы немесе басқа кәсіби ұйымнан шығарылған болса, онда оның құжаттарын алдын ала тексеріс жүргізу мәселелері көзделген.

  Сапаға сыртқы бақылауды
жүргiзу тәртiбін әзiрлеу қағидаларына
қосымша

р

Бағалауды тұжырымдау

Баға

1.

Аудиторлық ұйымның қызметі аудиттің сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін жеткілікті және Халықаралық аудит стандарттарының талаптарын сақталуына бағытталған

5

2.

Аудиторлық ұйым жекелеген кемшіліктерді қоспағанда Халықаралық аудит стандарттарының талаптарын қолданады

4

3.

Аудиторлық ұйымға аудиторлық қызметтерді сапалы қамтамасыз ету үшін, анықталған кемшіліктерге байланысты, парасатты ұйымдық реформалар өткізу қажет. Анықталған кемшіліктер Халықаралық аудит стандарттары талаптарының толық сақталмауы туралы айтуға мүмкіндік береді

3

4.

Аудиторлық ұйымның қызметі Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес келмейді

2