Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012 жылғы 8 тамыздағы № 561 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 қыркүйекте № 7915 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 729 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 12.12.2013 № 729 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Ж.М. Бекшин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының:
      1) «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесін және эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 838 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 26 қазанда № 6652 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 31 желтоқсанда № 556-559 (26402) жарияланған) бұйрығының;
      2) «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесін және эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 301 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 10 маусымда № 7003 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2011 жылғы 1 шілдеде № 93 (1909) жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.М. Бекшинге жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
     Денсаулық сақтау министрінің
          міндетін атқарушы                           С. Мусинов

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының  
2012 жылғы 8 тамыздағы
№ 561 бұйрығына   
қосымша       

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын
объектілер мен өнімдердің тізбесі

      1. Жоспарлы және жоспардан тыс тексеру нысанында және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілердің тізбесі:
      1) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдары - сәбилер бақшалары және барлық түрдегі бала бақшалар, балалар толық және қысқа уақыт болатын мектепке дейінгі тәрбиелеу орталықтары;
      2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдар;
      3) балалар үйлері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, кәмелетке жетпеген балаларды бейімдеу орталықтары;
      4) интернат ұйымдары, жастар үйлері, пансионаттар, медресе, баспаналар;
      5) орта кейінгі және жоғары білімнен, техникалық және кәсіптік оқыту ұйымдары;
      6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары;
      7) арнайы білім беру түзету ұйымдары;
      8) балалардың сауықтыру және санаториялық объектілері (маусымдық, жыл бойғы);
      9) балалар мен жасөспірімдер үшін өнімдер дайындайтын және өткізетін объектілер (киім, аяқ киім, ойыншықтар);
      10) тұрғындарға компьютерлер (жеке компьютерлер, планшетті жеке компьютерлер, ноутбуктер) және бейнетерминалдар (компьютер клубтары) арқылы қызмет көрсететін объектілер;
      11) тамақ өнімдерін өндіретін, өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтандыру объектілері;
      12) көліктегі және көлік құралдарына (темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе) қызмет көрсететін объектілердегі қоғамдық тамақтандыру объектілері;
      13) тез бұзылатын тамақ өнімдерін автоматты дайындауға және өткізуге арналған аппараттар;
      14) объектілер, оның ішінде тамақ өнімдерінің көтерме, бөлшектеп және ұсақ бөлшектеп сату базарлары;
      15) тамақ өнімдерін сақтауға арналған қоймалар;
      16) балалар сүт асүйлері;
      17) сүт өңдеу объектілері, дайын сүт өнімін өндіру объектілері;
      18) ет өңдеу объектілері, еттің жартылай фабрикаттарын және/немесе дайын ет өнімін өндіретін объектілер;
      19) балық өңдеу объектілері, балықтың жартылай фабрикаттарын және/немесе дайын балық өнімін өндіретін объектілер;
      20) май өнімдерін өндіретін объектілер;
      21) кондитерлік, кремнен жасалған кондитерлік бұйымдарды, ұнның жартылай фабрикаттарын, макарон өнімдерін өндіретін объектілер;
      22) алкоголь өнімін (оның ішінде шарап, сыра), алкогольсіз өнім (оның ішінде квас, сергітетін сусындар) және сыйымдылықтарға өлшеп-құйылған ауыз су (оның ішінде минералды) өңдіретін объектілер;
      23) аспаздық және йодталған тұздарды өндіретін объектілер;
      24) жеміс өңдеу объектілері, өсімдіктен алынатын ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде соя өнімін өңдеу объектілері, ұн тарту объектілері;
      25) арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерін және тамақ өнімдерінің өзге де топтарын өндіретін және өткізетін объектілер;
      26) нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіретін объектілер;
      27) құс өңдеу объектілері, құстың жартылай фабрикаттарын және/немесе дайын құс өнімін өндіретін объектілер;
      28) чипсілерді, кептірілген нанды, жүгері таяқшаларын, казинакилерді, шемішкелерді, құрғақ таңертеңгілік асты, слайстарды, қант мақталарын, поп-корн қуырылған жаңғақтарды өндіретін объектілер;
      29) тамақ концентраттарын және тамақ қышқылдарын өндіретін объектілер;
      30) крахмалды-сірнелі өнімдерді, крахмал өндіретін объектілер;
      31) қант өндіретін объектілер;
      32) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар;
      33) стационарлық көмек көрсететін объектілер;
      34) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер;
      35) сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер;
      36) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар объектілер, дәрілік препараттарды дайындайтын объектілер айналысы саласындағы;
      37) АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері;
      38) қалпына келтіру, санаториялық ем және медициналық оңалту ұйымдары;
      39) шаштараздар, косметологиялық орталықтар, салондар;
      40) моншалар, сауналар, жүзу бассейндері;
      41) спорттық-сауықтыру мекемелері;
      42) парфюмерлік-косметикалық өнім және гигиеналық заттарды өндіру объектілері;
      43) тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, кеңселерді  пайдалану ұйымдары, үйлерді басқару ұйымдары, үй-жай иелерінің кооперативтері;
      44) саябақтар;
      45) адамдардың уақытша тұратын объектілері (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер жатақханалар, вахталық кенттер);
      46) интернат үйлері (ересектерге арналған), мүгедектер мен қарттарға арналған үйлер;
      47) су көздері шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін су алу орындары;
      48) екінші санаттағы су қоймалары, жағажайлар;
      49) орталықтандырылған және орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелері;
      50) кәріздік тазарту құрылыстары мен желілері (оның ішінде жауын шашын кәрізі);
      51) қалдықтарды, оның ішінде медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау, жою, сұрыптау, өңдеу, залалсыздандыру және кәдеге жарату объектілері;
      52) зертханалардың барлық түрлері;
      53) радиациялық қауіпті объектілер;
      54) өндірістік мақсаттағы құрылыстар, өндірістік объектілердің санитариялық қорғаныш аймағы;
      55) өнеркәсіп салалары объектілері;
      56) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы салынып және қайта жаңғыртылып жатқан объектілер, күрделі жөндеу объектілері, құрылыс алаңдары;
      57) көлік құралдары (жолаушыларды, тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізаттарын, шаруашылық-ауыз суды, радиоактивті, қауіпті, химиялық және уытты заттарды тасымалдау үшін пайдаланылатын теміржол, автомобиль, теңіз ішкі су, әуе);
      58) көлік құралдарына (әуе, теміржол, су, автомобиль) және жолаушыларға қызмет көрсету объектілері;
      59) химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттарды және пестицидтерді (улы химикаттарды), вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сақтауға арналған қоймалар;
      60) парфюмериялық-косметикалық өнімдерді, гигиена құралдары мен балаларға арналған тауарларды сақтау қоймалары;
      61) дезинфекция, дезинсекция, дератизация заттары мен препараттарын, иммундық-биологиялық, диагностикалық препараттарды дайындайтын, өндіретін, өңдейтін, сақтайтын, тасымалдайтын, пайдаланатын және өткізетін, сондай-ақ оларды пайдаланумен байланысты жұмыстар мен қызметтерді көрсететін объектілер.
      2. Жоспардан тыс тексеру нысанында және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілердің тізбесі:
      1) қосымша білім беру ұйымдары (балалар мен жастар шығармашылығы орталықтары, музыка, спорт және көркемсурет мектептері, балалар-жастар орталықтары, аулалық клубтар, жас натуралисттер станциялары, оқу-өндірістік комбинаттар, оқу курстары мен басқа да мектептен тыс ұйымдар), бала күтушісінің қызметтері;
      2) дипломнан кейінгі білім беру ұйымдары;
      3) тез бұзылатын тамақ өнімдерін қоспағанда тамақ өнімдерін автоматты дайындауға және өткізуге арналған аппараттар;
      4) дайын тамақ өнімдерін өлшеп-орау объектілері;
      5) сүт дайындау объектілері (сүт-тауар фермалары, сүт блоктары, сүт қабылдау пункттері);
      6) шай өндіру объектілері;
      7) ашытқы, желатин өндіретін объектілер;
      8) мал сою объектілері;
      9) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы көтерме және бөлшектеп сату объектілері;
      10) жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация ұйымдары;
      11) апаттар медицинасы ұйымдары;
      12) паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсететін ұйымдар;
      13) дәстүрлі емес және халық медицинасы объектілері;
      14) кір жуу, киім тазалау орындары;
      15) жеке тұрғын үйлерді қоспағанда тұрғын үй ғимараттары, әкімшілік мақсаттағы ғимараттар;
      16) су құбырына, кәрізге, жылу жүйелеріне қызмет көрсету объектілері, қазандықтар;
      17) өндірістік және тұрмыстық техниканы жөндеу объектілері;
      18) мәдени ойын-сауық объектілері;
      19) бейіттер, жерлеуге арналған объектілер;
      20) қоғамдық дәретханалар;
      21) радиотехникалық объектілер, радиоэлектрондық құралдары бар объектілер.
      3. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімдердің (тауарлардың), қоршаған орта объектілерінің, өндірістік орта объектілерінің тізбесі:
      1) тамақ өнімдері (адам тамаққа қолданатын табиғи немесе өңделген түрдегі өнімдер), оның ішінде Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) мынадай: 02-05, 07-25, 27-29, 32-34, 35 топтарының гендік-инженерлік түрлендірілген (трансгендік) организмдерін пайдалана отырып алынған тамақ өнімдері;
      2) балаларға арналған тауарлар: ойындар мен ойыншықтар, төсек әбзелдері, киім, аяқ киім, жиһаз, арба, сөмкелер (арқаға асатын сөмке, рюкзактар, портфельдер және), күнделіктер мен соған ұқсас бұйымдар, дәптерлер, басқа да қағаздан және картоннан жасалған кеңсе тауарлары, кеңсе құралдары немесе балалар ассортименті тауарларын дайындауға арналған жасанды полимер және синтетикалық мектеп материалдары (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 32, 34, 39, 40, 42-44, 46, 48-56, 60-65, 87, 94, 95);
      3) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау саласында және жүзу бассейндеріндегі шайынды суларды тазалау кезінде пайдаланылатын материалдар, жабдық, заттар, құрылғылар (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 25, 38-40, 48, 84, 85);
      4) парфюмерлік-косметикалық заттар, ауыз қуысы гигиенасының заттары (мынадай топтан КО СЭҚ ТН 33);
      5) өндірістік мақсаттағы химиялық және мұнай-химия өнімдері, тұрмыстық химия тауарлары, лак-бояу материалдары (мынадай топтардан КО СЭҚТН: 32-34, 38);
      6) құрылыста, көлікте пайдалануға, сондай-ақ жиһаздар мен басқа да үйде тұтынатын заттарды дайындауға арналған полимерлік, синтетикалық және өзге де материалдар; жиьаз; құрамында химиялық талшықтар мен текстиль қосалқы заттары бар текстиль тігін және тоқыма материалдары; киімдер мен аяқ киімдер дайындауға арналған жасанды және синтетикалық былғарылар және текстиль материалдары (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 32, 39, 40, 42-44, 45, 46, 48, 50, 51, 52, 53, 54, 55-59, 60, 69, 94);
      7) көлік құралдарының және тұрмыстық техниканың қосалқы бөлшектерінен басқа (ауыз сумен және тамақ өнімімен жанасатындарды қоспағанда) өндірістік, медициналық және тұрмыстық мақсаттағы машина жасау және аспап жасау өнімдері (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 38, 84, 85, 90, 94);
      8) баспа өнімі: жалпы білім беретін орта және жоғары оқу орындарына арналған оқу басылымдары мен көрнекі құралдары, балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап және журнал басылымдары (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 48, 49);
      9) өндіру процесінде өңдеуге (бояуға, сіңдіруге және) жататын табиғи шикізаттан жасалған материалдар (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 25, 43, 44, 46, 50-53);
      10) адамның денесімен жанасатын бұйымдарға (бұйымға) арналған материалдар, киім, аяқ киім (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 30, 39, 40, 42, 43, 48, 50-60, 61-65, 67, 68, 82, 96);
      11) иондаушы сәулелену, оның ішінде сәуле шығару көздері болып табылатын өнім, бұйым, сондай-ақ құрамында радиоактивті заттар бар бұйымдар мен материалдар (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 25, 26, 28, 68, 69, 72, 74-76, 78-81, 84, 87);
      12) құрамындағы радиоактивті заттар, оның ішінде қайта өңдеуге және халық шаруашылығында пайдалануға арналған өндірістік қалдықтар гигиеналық нормативтермен регламенттелетін құрылыс шикізаты және материалдары, қара және түсті металл сынықтары (металл сынығы) (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 25, 26, 28, 68, 69, 72, 74-76, 78-81, 84, 87);
      13) темекі бұйымдары мен темекі шикізаты (мынадай топтан КО СЭҚ ТН 24);
      14) жеке қорғаныш құралдары (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 39, 40, 64, 65, 90);
      15) пестицидтер мен агрохимикаттар (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 31, 38);
      16) тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар, бұйымдар және жабдық (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 39, 40, 44, 45, 46, 47, 48, 56, 63, 69, 70, 73, 74, 76, 82, 85, 96);
      17) ауа дайындауға, ауа тазартуға және сүзгілеуге арналған жабдық, материалдар (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 38-40, 48, 52-56, 59, 60, 84, 85);
      18) мұздаққа қарсы реагенттер (мынадай топтан КО СЭҚ ТН 38);
      19) заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес оларға қатысты уақытша санитариялық шаралар енгізілген өзге де тауарлар (мынадай топтардан КО СЭҚ ТН: 02-96).