Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 қарашадағы № 334 қаулысына өзгерісте

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 маусымдағы № 197 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 13 тамызда № 7843 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 250/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «Ережесі», «ережесінде» деген сөздер «Қағидасы», «қағидасында» деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 27.03.2014 № 225/31-V (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-ІV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 24 қаңтарда № 666 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 11 «Вечерняя Астана», 2010 жылғы 27-29 қаңтардағы № 10, 11 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасында:
      38-2-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       М. Шекенов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов