"Талапкерлердің кешенді тестілеуі мен білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 11 шілдедегі № 303 бұйрығына өзгерістер мен т

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 308 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 шілдеде № 7804 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 683 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 07.12.2015 № 683 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      «Талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу және білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 11 шілдедегі № 303 бұйрығына (2011 жылғы 19 шілдеде нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7079 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 9 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінің № 308-312 (27386) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Талапкерлердің кешенді тестілеуі мен білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы»;
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық 1-қосымшаға сәйкес;»;
      аталған бұйрықпен бекітілген талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу нұсқаулығында:
      атауы келесі редакцияда беру:
      «Талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық»;
      1-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Талапкерлерді кешенді тестілеуді (бұдан әрі - ТКТ) ұйымдастыру келесі кезеңдерден тұрады:»;
      2-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру жөніндегі осы нұсқаулық:»
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. ТКТ-ны ұйымдастыру кезінде жоғарыда көрсетілген тұлғалар «Білім туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын (бұдан әрі – Қағида), осы Нұсқаулықты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.»;
      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. ТКТ-ны ұйымдастыру»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тестілеуді ұйымдастыру бойынша жұмыстар барлық қатысушылардың: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік), ҰТО, базалық ЖОО-ның жауапты хатшысы мен программисінің, Министрлік өкілдері мен программисінің, апелляциялық комиссия төрағасы мен мүшелерінің, мемлекеттік комиссияның бірлескен қызметтерін қарастырады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Министрлік ҰТО-мен бірге Министрлік өкілдеріне ТКТ технологиясын оқыту жұмыстарын жүргізеді.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Қағидада белгіленген мерзімде базалық ЖОО-да барлық тестілеуге қатысушылармен бірігіп ТКТ өткізіледі. ТКТ-ны өткізу кезінде базалық ЖОО-да Министрлік өкілдері мен мемлекеттік комиссия төрағасынан басқа қатысушыларға ұялы байланыс телефондарын пайдалануға рұқсат етілмейді.»;
      24-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Министрлікпен бірлесе отырып, базалық ЖОО-ның жауапты хатшыларына ТКТ-ны ұйымдастыру бойынша оқытуды ұйымдастыру;»;
      25-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Министрлікпен бірлесе отырып Министрлік өкілдеріне, программистеріне және апелляциялық комиссияның төрағаларына ТКТ ұйымдастыру бойынша оқытуды ұйымдастыру;»;
      31-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) техникалық хатшыларды оқытуды ұйымдастыру;»;
      36-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ҰТО-ға ТКТ-ны ұйымдастыру жөнінде атқарылған жұмыстары бойынша есептің қағаз тасымалдағышта телекоммуникациялық желі арқылы береді.»;
      44-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) талапкерлердің өтініш бланкісін дұрыс толтыруын қамтамасыз ету және ТКТ-дан өту рәсімін, Ереженің 21, 22, 23-тармақтарында қарастырылған аудиторияда тәртіп сақтау ережесін, апелляцияға өтініш беру және апелляцияны өткізу рәсімін түсіндіру;»;
      51-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) лектің отырғызу парағын басып шығарады (тестілеу болатын күннен бір күн бұрын кешкісін). Отырғызу парағы отыру орнының нөмірі бойынша реттелген. Талапкер орнының нөмірі отырғызу парағын шығару кезде кездейсоқ анықталады. Бұл рәсім тек 1 рет қана орындалады. Отырғызу парағын басып шығару үшін ҰТО-дан пароль сұралады;»;
      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «56. Апелляцияны ұйымдастыру бойынша ҰТО-да дайындықтан өтеді.»;
      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «69. Талапкерлерге Қағиданың 21, 22, 23-тармақтарына сәйкес емтихан кезінде тәртіп сақтау ережелерін түсіндіреді.»;
      мынадай мазмұндағы 74-1-тармақпен толықтырылсын:
      «74-1. Аудиториялық қорды жоспарлаған кезде негізгі білімнен кейін түскен техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі (колледждер) білім беру ұйымдарының бітірушілерін бөлу үшін жеке аудитория бөлінеді.»;
      76-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) базалық ЖОО-да талапкерлер туралы деректерді «Талапкер» ДБ-ға енгізу мақсатында өтініш бланкілері арнайы ағынды сканер арқылы (бұдан әрі - сканер) өткізіледі;»;
      83-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      «16-1) 19-сектор негізгі білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі (колледждер) білім туралы құжатты ұсынған кезде боялады;»;
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) 20, 21-секторларды талапкердің деректерін өзгерту немесе өтініш бланкісін жою кезінде ғана техникалық хатшы толтырады.»;
      121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «121. 10-секторда талапкердің таңдаған мамандығына байланысты ұлттық бірыңғай тестілеу және ТКТ-ның таңдау пәндері мен бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар «Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген жоғары арнайы білім беру және бакалавриат мамандықтарының тізбесiн және ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 14 мамырдағы № 211 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7674 нөмірімен тіркелген) 2-қосымшасына сәйкес ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесі бойынша тестілеу кезінде талапкер таңдаған пән көрсетіледі және сол пән бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады.
      Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тапсырмадағы берілген бес жауаптан бір ғана дұрыс жауап таңдалады. Бір тапсырмада екі немесе одан да көп жауаптар боялған жағдайда, жауап есепке алынбайды. Таңдалған жауап сол пәнге сәйкес сектордағы дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.»;
      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «136. Кезекші емтихан материалдарын конвертке және қорапқа салады. Бірнеше талапкерлермен бірге мемлекеттік комиссия отырған орынға жеткізеді.»;
      Нұсқаулықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      Нұсқаулықтың 51-қосымшасын алынып тасталсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру нұсқаулығында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жоғарыда көрсетілген тұлғалар өз қызметінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын (бұдан әрі – Үлгі қағида), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін (бұдан әрі – Ереже), осы Нұсқаулықты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.»;
      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Конкурсты ұйымдастыру»;
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Конкурсты ұйымдастыру жұмыстары барлық конкурсқа қатысқандардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), ҰТО, Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссиясының (бұдан әрі – конкурстық комиссия), ЖОО жауапты хатшысының, программисі мен техникалық хатшысының бірлескен қызметтерін қарастырады.»;
      5-тармақтың бірінші бөлімі мен 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Конкурсты ұйымдастыру процесін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында ҰТО келесі функцияларды жүзеге асырады:
      «1) Министрлікпен бірлесе отырып, базалық ЖОО-ның жауапты хатшыларын конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау бойынша оқытуды ұйымдастыру;»;
      12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әрбір желілік ЖОО техникалық хатшылар арқылы талапкерлерден конкурсқа өтініштер қабылдайды. Талапкер өтінішті ағынды сканерде оқуға арналған арнайы бланкте толтырады;»;
      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) талапкер таңдаған мамандық «Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген жоғары арнайы білім беру және бакалавриат мамандықтарының тізбесін және ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 14 мамырдағы № 211 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7674 нөмірімен тіркелген), ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген жоғары арнайы білім беру және бакалавриат мамандықтарының тізбесінде болғанда.»;
      18-тармақта:
      10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) 20 секторды білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сонымен қатар ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда бояйды;
      11) 21-секторды осы тармақтың 9), 10), 19) тармақшаларында көрсетілген басым құқық иегері болып табылатын талапкерлер бояйды;»;
      мынадай мазмұндағы 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
      «18) 27-секторды техникалық хатшы өтініш бланкісін жою кезінде ғана толтырылады;
      19) 29-секторды дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар талапкерлер толтырады.»;
      12-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Жақыпова Ф.Н.):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                             С. Шаяхметов

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрі м.а.
2012 жылғы 28 маусымдағы  
№ 308 бұйрығына 1-қосымша 

Талапкерлерді кешенді тестілеуді
ұйымдастыру жөніндегі    
нұсқаулыққа 1-қосымша    

К-11 нысан

Базалық ЖОО _____________________

Рұқсаттама

ФОТО

Аты-жөні
ТЖК
Жеке куәлік

Азаматтығы:
Ұлты:
Жынысы:     Емтихан тапсыру тілі:

Тестілеу өту орны:
Мекен-жайы:
Ғимарат:
Телефон:
Тестілеу мерзімі:
Лек:
Аудитория:
Орын:

Жауапты хатшының қолы:
Талапкердің қолы:

Талапкерлерді кешенді тестілеу кезінде аудиторияда тәртіп сақтау ережесі

Кешенді тестілеу кезінде талапкерге:
    1. Аудиториядан рұқсатсыз және кезекшінің алып жүруінсіз шығуға;
    2. Орын ауыстыруға;
    3. Емтихан материалдарын ауыстыруға, көшіруге;
    4. Тест мазмұнын және олардың дұрыс жауабын ашатын кодтар туралы мәліметтерді пайдалануға;
    5. Ақпараттық мәліметтер, электрондық жазба кітапшаларын, калькуляторлар, ұялы телефондар, пейджерлер және басқа да байланыс құралдарын қолдануға рұқсат етілмейді.
    Егер, тестілеу уақытында талапкерден шпаргалка, оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен мобильді байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефон және т.б.) табылса, Министрлік өкілі және аудитория кезекшісі талапкердің қатысуымен "Аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзған талапкерді аудиториядан шығару және тыйым салынған заттың тәркіленуі туралы акт" жасайды. Министрлік өкілінің шешімімен талапкер аудиториядан шығарылады және тест нәтижесі жойылады.
    Тестілеуге берілген уақыт аяқталғаннан кейін талапкер емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда, оның емтихан материалдарының нәтижелері өңделмейді.

Талапкердің қолы______________ Күні______________

кесу сызығы

Базалық ЖОО _____________________

Рұқсаттама

ФОТО

Аты-жөні
ТЖК
Жеке куәлік

Азаматтығы:
Ұлты:
Жынысы:     Емтихан тапсыру тілі:

Тестілеу өту орны:
Мекен-жайы:
Ғимарат:
Телефон:
Тестілеу мерзімі:
Лек:
Аудитория:
Орын:

Жауапты хатшының қолы:
Талапкердің қолы:

Талапкерлерді кешенді тестілеу кезінде аудиторияда тәртіп сақтау ережесі

Кешенді тестілеу кезінде талапкерге:
    1. Аудиториядан рұқсатсыз және кезекшінің алып жүруінсіз шығуға;
    2. Орын ауыстыруға;
    3. Емтихан материалдарын ауыстыруға, көшіруге;
    4. Тест мазмұнын және олардың дұрыс жауабын ашатын кодтар туралы мәліметтерді пайдалануға;
    5. Ақпараттық мәліметтер, электрондық жазба кітапшаларын, калькуляторлар, ұялы телефондар, пейджерлер және басқа да байланыс құралдарын қолдануға рұқсат етілмейді.
    Егер, тестілеу уақытында талапкерден шпаргалка, оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен мобильді байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефон және т.б.) табылса, Министрлік өкілі және аудитория кезекшісі талапкердің қатысуымен "Аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзған талапкерді аудиториядан шығару және тыйым салынған заттың тәркіленуі туралы акт" жасайды. Министрлік өкілінің шешімімен талапкер аудиториядан шығарылады және тест нәтижесі жойылады.
    Тестілеуге берілген уақыт аяқталғаннан кейін талапкер емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда, оның емтихан материалдарының нәтижелері өңделмейді.

Талапкердің қолы______________ Күні______________

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрі м.а.
2012 жылғы 28 маусымдағы  
№ 308 бұйрығына 2-қосымша 

Білім беру гранттарын тағайындау
бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
нұсқаулығына 12-қосымша   

Г-09 нысан

Басым құқық иегерлерінің тізімі

Базалық ЖОО ____________________________________________
(код)             (атауы)

ТЖК

аты-жөні

серти фикат №

аттес таттың (диплом ның) орташа баллы

оқу түрі

маман дық шифры және ЖОО коды

же ңіл дік

1-шығармашылық емтихан балы

2-шығармашылық емтихан баллы

техникалықхатшы коды

олимпиада пәні, ғылыми жарыстар секциясы, орындаушылық конкурстың және спорттық жарыстың түрі

"Алтын белгі" төсбелгісінің иегерлері













Дербес білім беру ұйымдарының бітірушілері













Республикалық, халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары













Республикалық ғылыми жарыстар жеңімпаздары













Республикалық, халықаралық орындаушылық конкурстың жеңімпаздары













Республикалық, халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары













Мемлекеттік комиссия                          Жауапты хатшының қолы
төрағасының қолы ____________________         ______________________