"Экономикалық шоғырлануға Келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Төрағасының 2012 жылғы 3 шілдедегі № 255-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 шілдеде № 7802 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының м.а. 2014 жылғы 21 ақпандағы № 36-НҚ бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі банк конгломераты бас ұйымының, банктің немесе банк холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 39 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7463 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 24 мамырда № 261-266 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банктердің еншілес ұйымдары, сондай-ақ банктің не банк холдингінің капиталына қомақты қатысатын ұйымдары 2013 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде өз қызметін осы қаулыда белгіленген талаптарға сәйкес келтірсін.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко