Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының "Жеке сот орындаушысының кеңсесінде іс жүргізу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 3 қарашадағы № 306 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 238 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 29 маусымдағы № 7777 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 22.08.2013 № 115 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Қобда аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 88 "Халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-66 тіркелген, 2009 жылғы 28 мамырда "Қобда" газетінің № 21 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      2 тармағында:
      "Аз қамтылған отбасыларының жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша анықталған кедейшілік шегінен аспайтын отбасыларға 1,5 есептік айлық көрсеткіші көлемінде ай сайын ақшалай түрде қосымша көмек" сөздері 2013 жылдың 1 қаңтар айынан бастап алынып тасталсын;
      "Ең төменгі және ең төменгі зейнетақыдан кем алатын зейнеткерлерге 1,5 есептік айлық көрсеткіші көлемінде ай сайын ақшалай түрде қосымша көмек" сөздері 2012 жылдың 1 қазаннан бастап алынып тасталсын;
      3 тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы

Аудандық мәслихат хатшысы

      Г. Балгарина

Л. Исмағамбетова