Бағалы қағаздар нарығының субъектісіне және (немесе) ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаға, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 167 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 маусымда № 7736 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 183 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мынадай ескертпемен мақұлдансын: «Қазақстан Республикасы Келісімге қосымша болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 2-бөлімінің 2.4-тармағына қатысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ТМД СЭҚ ТН) 1507-1515 тауар позициялары бойынша тауарлардың шығарылған елін айқындау кезінде алдыңғы төрт белгінің кем дегенде бірінің деңгейінде көрсетілген тауар позициясының өзгеруінен көрінетін жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемінің негізгі шартын пайдалану құқығын өзіне қалдыратынын мәлімдейді.
      Қазақстан Республикасы Ереженің 2-бөлімі 2.4-тармағының б) және  в) тармақшаларында жазылған шарттарды пайдаланған кезде ТМД СЭҚ ТН 1516 тауар позициясы бойынша тауарларды өндіру кезінде қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиістігі негізге алынатын болады. ТМД СЭҚ ТН 1517 және 2106 90 980 тауар позициялары бойынша тауарларды өндіру кезінде (тамаққа пайдалану үшін жарамды жануарлар немесе өсімдік майларынан немесе майлардан немесе олардың фракцияларынан жасалған майлылығы 15 %-дан астам сүт майларын құрайтын қоспалар немесе дайын өнімдер) ТМД СЭҚ ТН 1511 және 1513 тауар позициялары материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс.
      Аталған ескертпе Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы өзара саудада қолданылмайды».
      2. 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 561 қаулысымен   
мақұлданған    

Жоба

2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында
тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мүше мемлекеттердің үкіметтері 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 2-бабына сәйкес,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тауар орын алған елден шыққан деп есептелетiн шарттардың, өндiрiстiк және технологиялық операциялардың тізбесіне (Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне 1-қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      СЭҚ ТН-нің «0206» деген жолы мынадай редакцияда жазылсын:

0206

Ірі қара малдың, шошқаның, қойлардың, ешкілердің, жылқылардың, есектердің, қашырлардың немесе лошактардың жас, тоңазытылған немесе мұздатылған тағамдық қосалқы өнімдері

0201-0206 позициялардан басқа кез келген позициялардың материалдарынан дайындалған

      2. Мынадай мазмұндағы СЭҚ ТН-нің «2106 90 980-нен» деген коды бар жолмен толықтырылсын:

2106 90 980-нен

Жануарлардың немесе өсімдіктердің майларынан немесе майлардан немесе олардың майлылығы 15 %-дан астам сүт майларынан фракцияларынан жасалған тағамға пайдалануға жарамды коспалар немесе дайын өнімдер

0405, 1501-1516 позицияларының материалдарынан дайындау.
Алайда 1511 және 1513 тауар позицияларының пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс

      3. СЭҚ ТН-нің «28-топтан» деген коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

28-топтан

Қоданылатын қағидалар бұдан әрі жалызған 2811 29 100, 2818 20 000. 2821 20 000, 2833 22 000 кіші субпозициялардағы және 2844 10 және 2844 20 субпозициялардағы тауарлардан басқа, бейорганикалық химия өнімдері: бейорганикалық немесе органикалық бағалы металдардың, жерде сирек кездесетін металдардың, радиоактивті элементтердің немесе изотоптардың қосылыстары

Пайдаланылатын материалдардың барлығы өнім позициясынан өзге позицияларда жіктелуге тиіс дайындау. Алайда бірдей позициялардың материалдары олардың құны түпкілікті өнім бағасынан 20 %-ынан аспаған жағдайда қолданылуы мүмкін.

      4. СЭҚ ТН-нің «2844 10» деген коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

2844 10-нан

Табиғи уран және оның қосылыстары

Қайта өңдеу технологиясына сәйкес мамандандырылған өндіріс жағдайында 2844 30 позициясының материалынан (уран, 235, уранымен қосылған және оның қосылыстары) дайындау (235 уран изотопы бойынша байыту)

      5. Мынадай мазмұндағы СЭҚ ТН-нің «5704-тен» деген коды бар жолмен толықтырылсын:

5704-тен

Тоқыма еден жабындыларынан жасалған дайын бұйымдар: дәретханаға және жуынатын бөлмелерге арналған, автомобиль және әмбебап кілемшелер

Қалып бойынша дайындамаларды пішу, тігін операцияларын орындау. Бұл ретте 5704 позициясының пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 30 %-ынан аспауы тиіс

      6. Мынадай мазмұндағы СЭҚ ТН-нің «7019 32 000» деген коды бар жолмен толықтырылсын:

7019 32 000

Жұқа маталар (вуальдар)

Пайдаланылатын материалдардың барлығының құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс болған кезде, дайындау

      7. СЭҚ ТН-нің «8456-8466» деген коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

8456-8466

8456-8466 тауар позицияларының машиналары және жабдықтары; құралды немесе бөлшектерді бекітуге арналған құрал-сайманды қоса алғанда, тек қана немесе негізінен 8456-8465 тауар позицияларының машиналары мен жабдықтарына арналған бөлшектері мен керек-жарақтары, өздігінен ашылатын бұрамакесу бастиектері, бөлгіш бастиектер және басқа да белдектерге арналған құрал-саймандар; қол құралдарының барлық типтері үшін жұмыс құралдарын бекіту арналған құрал-сайман

Пайдаланылатын материалдардың барлығының құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс болған кезде, дайындау

      8. СЭҚ ТН-нің «8521» деген коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

8521-ден

Бейне жазатын немесе бейне шығаратын, бейне тюнермен қосылған немесе қосылмаған, DVD күйтабақ ойнатқыштардан басқа аппаратура

Пайдаланылатын материалдардың барлығының құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс болған кезде, дайындау

      9. СЭҚ ТН-нің «8544» деген коды бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

8544

Оқшауланған өткізгіштер (эмальданғандарды немесе анодталғандарды қоса алғанда), кәбілдер (коаксильді кәбілдерді қоса алғанда) және қосу аспаптары бар және оларсыз оқшауланған басқа электр өткізгіштері; 8544 70 000 позициясының тауарларынан басқа, ол үшін қолданылатын қағидалар бұдан әрі жазылады

Пайдаланылатын материалдардың барлығының құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс болған кезде, дайындау

      10. Мынадай мазмұндағы СЭҚ ТН-нің «8544 70 000» деген коды бар жолмен толықтырылсын:

8544 70 000

Талшықты-оптикалық кәбілдер

Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда бірдей позициялардың пайдаланылатын материалдардың құны және дайын өнім түпкілікті өнім бағасынан 50 %-ынан аспауға тиіс

2-бап

      Осы Хаттаманың ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге байланысты Тараптар арасындағы даулар Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.

3-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 4-бабына сәйкес күшіне енеді.

      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      2012 жылғы ___ ________ ________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Комитетінде сақталады.

      Армения                 Қазақстан               Беларусь
   Республикасының         Республикасының         Республикасының
      Үкіметі                  Үкіметі                 Үкіметі
       үшін                     үшін                     үшін

      Түрікменстан           Өзбекстан                 Украина
    Республикасының       Республикасының          Республикасының
      Үкіметі                Үкіметі                  Үкіметі
       үшін                   үшін                     үшін

      Молдова           Ресей Федерациясының            Қырғыз
  Республикасының             Үкіметі              Республикасының
      Үкіметі                  үшін                     Үкіметі
       үшін                                              үшін

      Әзербайжан            Тәжікстан
    Республикасының      Республикасының
        үшін                   үшін