"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғ

Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2012 жылғы 4 маусымдағы № 125-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 маусымда № 7693 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 19.07.2013 № 215-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы № 82-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2256 нөмірімен тіркелген, «Ресми газеттің» 2003 жылғы 17 мамырда № 20 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметалар бекiту жөнiндегi ережеде:
      8–тармақта:
      16-1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-1) уәкiлеттi орган бекiткен және өтінімді қарау кезеңінде қолданылатын:»;
      16-2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-2) уәкiлеттi орган келіскен және өтінімді қарау кезеңінде қолданылатын:»;
      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «27) уәкiлеттi орган белгiлеген шама мен мерзiмге және экономикалық тиімділіктің деректері мен есебін қамтитын өтінімді қарау кезеңінде қолданылатын нормативтен тыс ысыраптар болған кезде оларды жою жөнiндегi, сондай-ақ нормативтiк техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі iс-шаралар жоспары (электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату, су шаруашылығы жүйесі, мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбыржолдары арқылы тасымалдау салаларындағы реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi көрсететiн табиғи монополия субъектілері ұсынады) қоса беріледі.»;
      11–тармақтың 2-1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1) табиғи монополия субъектінде уәкiлеттi орган бекiткен және (немесе) келіскен және өтінімді қарау кезеңінде қолданылатын:».
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (А.В. Мартыненко) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (М.Ш. Мукушева) жариялануы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     М. Оспанов