Тұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 124 және Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 102 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 мамырда № 7638 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 447 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.06.2015 № 447 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2-бабының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй шаруашылығы департаментінің директоры (В.К.Маслов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды;
      4) осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П.Тихонюкке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасы
      Құрылыс және тұрғын                   Экономикалық даму
      үй-коммуналдық шаруашылық             және сауда министрі
      істері агенттігінің төрағасы
      С. Нокин _______________              Б. Сағынтаев ____________

Қазақстан Республикасы  
Құрылыс және тұрғын үй- 
коммуналдық шаруашылық істері
агенттігі төрағасының  
2012 жылғы 4 сәуірдегі 
№ 124 және        
Қазақстан Республикасы 
Экономикалық      
даму және сауда министрінің
2012 жылғы 4 сәуірдегі 
№ 102 бірлескен бұйрығымен
бекітілген     

Нысан


Тұрғын үй қатынастары бойынша жеке кәсіпкерлік
саласындағы тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған орган ________________________________________
Тексеру субъектісі __________________________________________________
Тексерілетін объект _________________________________________________
Объектінің орналасқан жері  _________________________________________
Тексеру басталған күн _______________________________________________
Тексеру аяқталған күн _______________________________________________
Тексеру тексеруді тағайындау туралы 20_ "____" ___________ № ________
актінің негізінде жүзеге асырылады.


р/с

Бақылау кезеңінде қойылатын талаптар

Иә/Жоқ/Талап етілмейді

Түсініктеме

1

2

3

4

1

Сервистік қызмет субъектісін анықтау туралы хаттаманың болуы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары)



2

Кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашу туралы растайтын құжаттардың болуы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары)



3

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасының болуы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары)



4

Тұрғын үй инспекциялармен кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасына келісімнің болуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары)


-

5

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі жұмыс түрлерін жүзеге асыратын сервистік қызмет субъектісімен шарттардың болуы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары)



6

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері заңнамада белгіленген тәртіпте қабылдаған шешіміне сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары)