Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларға ертерек ден қою шараларын және оларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 73 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 сәуірде № 7563 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 142 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 18 шілдедегі № 105 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5310 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қазанда № 10 жарияланған, «Заң газеті» газетінде 2008 жылғы 31 қазанда № 166 (1392) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттік тарихты қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметіндегі ақпараттық процесті ұйымдастыруға және оны пайдалануға, қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, олардың электрондық жабдықтарына, кредиттік тарихтың деректер базасының сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу жөніндегі нұсқаулықта:
      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жалпы ережелер»;
      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ақпараттық процесті ұйымдастыру»;
      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ақпаратты жеткізушілердің, кредиттік есептерді алушылардың және кредиттік бюро арасындағы ақпарат алмасу талаптары, сондай-ақ мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроның және өзге де кредиттік бюролардың деректер базасында бар ақпаратты салыстырып тексеру талаптары»;
      3-тарау мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2, 16-3, 16-4, 16-5, 16-6, 16-7, 16-8-тармақтармен толықтырылсын:
      «16-1. Мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюро мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроның және уәкілетті органмен келісілуі тиіс өзге де кредиттік бюролардың деректер базасында бар ақпаратты ішкі салыстырып тексеру рәсімдерін (бұдан әрі - ішкі рәсімдер) бекітеді.
      16-2. Ішкі рәсімдер мыналарды анықтайды:
      салыстырып тексерудің талаптарын, тәртібін және мерзімдерін;
      салыстырып тексеруге жататын ақпараттың параметрлерін;
      салыстырып тексеруге байланысты ақпараттық процестерді іске асыру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын;
      салыстырып тексеруге жататын ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету тәртібін;
      мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроға салыстырып тексеруге байланысты ұшыраған нақты шығыстар көлемінде өтеу тәртібін.
      16-3. Кредиттік бюро бір жылда кемінде бір рет кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасында сақталатын ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроның ішкі рәсімдерімен белгіленген шарттарда, тәртіпте және мерзімдерде мемлекеттік қатысуы бар кредиттік бюроның ақпаратымен салыстырып тексереді.
      Кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасында сақталатын ақпаратты салыстырып тексеру есепті жылдың соңғы айдың жиырмасыншы жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
      Кредиттік бюро ақпарат көлемін салыстырып тексеруге жататын ақпарат көлемін дербес түрде, салыстырып тексеруге жататын ақпарат параметрлерінің Мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроның ішкі рәсімдерімен белгіленген ақпарат параметрлеріне сәйкес келу талаптары арқылы анықтайды.
      16-4. Мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюро өзге де кредиттік бюролардан қабылданған ақпаратты мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроның кредиттік тарихының деректер базасында бар ақпаратпен салыстырып тексереді.
      16-5. Мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюроның және өзге де кредиттік бюроның уәкілетті өкілдері олардың кредиттік тарихтарының деректер базасында бар, салыстырып тексеруге жататын ақпараттың сәйкес келуін немесе сәйкессіздігін салыстырып тексеру актісін немесе сәйкессіздік актісін еркін нысанда жасау жолымен растайды.
      Мемлекеттің қатысуы бар кредиттік бюро сәйкессіздік актісін кезде сәйкессіздік актісін жасаған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде оның көшірмесін уәкілетті органға ұсынады.
      16-6. Салыстырып тексеру актісі немесе сәйкессіздік актісі екі данада әр тарап үшін бір данадан жасалады, салыстырып тексеруді жүзеге асыратын тараптарының уәкілетті өкілдері оған қол қояды және олардың мөрлерімен расталады.
      16-7. Салыстырып тексеру актісі кезекті салыстырып тексеру өткенге дейін сақталады. Сәйкессіздік актісі ол жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақталуы тиіс.
      16-8. Кредиттік бюро және мемлекеттік қатысуы бар кредиттік бюро сәйкессіздік актіні жасаған күннен бастап он жұмыс күн ішінде анықталған сәйкессіздіктер жою бойынша шараларды қабылдайды. Анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша қабылданған шаралардың нәтижелері туралы мемлекеттік қатысуы бар кредиттік бюро уәкілетті органға үш жұмыс күн ішінде хабарлайды.»;
      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру және үй-жайларға, электронды және кредиттік тарих жүйесі қатысушыларының өзге де жабдықтарына қойылатын ең төменгі талаптар»;
      6-тарау алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
        Төрағасы                                 Г. Марченко