"Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Бас ұйым ретінде сақтандыру тобына кіретін сақтандыру холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде сақтандыру тобындағы өздерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г.Марченко |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген |
Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар
Осы Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) сақтандыру холдингінде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында (бұдан әрі - Ұйым), сондай-ақ Ұйымның еншілес ұйымдарында және (немесе) сақтандыру холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдарда (бұдан әрі - сақтандыру тобының қатысушылары) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктер мен функционалдық міндеттер көзделетін тиісті тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің сақтандыру тобында қалыптастырылуына қойылатын талаптарды айқындау мақсатында "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Ұйымның Директорлар кеңесі (шаруашылық серіктестіктер үшін - қатысушылардың жалпы жиналысы) сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің Талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді және Ұйым мен сақтандыру тобы қатысушыларының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылауды жүзеге асыру саласында өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін жағдай жасайды.
2. Сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау Ұйымның Директорлар кеңесі (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекітетін және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі, рәсімдері, талаптары, мақсаттары, қағидаттары мен әдістері айқындалатын ішкі құжаттар (бұдан әрі - ішкі құжаттар) арқылы қамтамасыз етіледі.
Ішкі құжаттарда мыналар:
сақтандыру тобы қызметінің негізгі мақсаттары мен бағыттары;
сақтандыру тобы қызметінің қаржылық және өзге көрсеткіштерінің болжамды мәндері;
сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару саясаты;
басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ереже;
басшы қызметкерлерді тағайындау және оларға сыйақы беру саясаты;
басқару есептілігін беру мерзімдері мен нысандары туралы ереже;
ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру және ішкі аудит қызметі туралы ереже айқындалады.
3. Ұйымның Директорлар кеңесі (қатысушылардың жалпы жиналысы):
сақтандыру тобындағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, ішкі құжаттардың болуын, тұтастығын және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және сақтандыру тобының барлық қатысушыларының ішкі бақылау саласындағы өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды, сондай-ақ ішкі аудит қызметінің функционалдық және ұйымдық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді;
тәуекелдер бойынша есептіліктің және негізгі көрсеткіштердің негізінде тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың мониторингін, сақтандыру тобы ұшырағыш тәуекелдердің барлық түрлерін сәйкестендіруді, бағалауды, бақылауды және мониторинг жасауды жүзеге асырады.
4. Ұйымда тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру мақсатында тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше мен ішкі аудит қызметі құрылады.
Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ішкі құжаттардың ережелерін сақтау міндеті сақтандыру тобының барлық қатысушыларына қолданылады.
Ұйым қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есепті жылдан кейінгі жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде мыналар:
Талаптардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Талаптарға сәйкестікті дербес бағалау;
талаптың белгілі бір критерийіне (талаптардың белгілі бір критерийлеріне) сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, жауапты адамдарды және іс-шараларды орындау мерзімдерін көрсете отырып, сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралардың жоспары қоса берілген жазбаша түсіндірме қамтылатын Талаптардың критерийлерін орындауды бағалау жөніндегі жылдық есепті ұсынады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.2-тарау. Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару жүйесі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Сақтандыру тобының тәуекелдерін басқару процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) тәуекелдерді айқындау:
тәуекелді және оны туындататын факторларды бағалау (зиянның барлық ықтимал себептеріне жүйелі және тұрақты мониторинг, талдау жасау, олардың ықтималдығы мен мөлшерлерін сапалы бағалау);
тәуекелдерді жіктеу (тәуекелдердің және олардың пайда болуына алып келетін, олардың дамуына әсерін тигізетін факторлардың ерекшеліктерін зерттеу, тарихи деректерді сараптамалық бағалау, тәуекелдер картасы);
2) тәуекелдерді өлшеу (бағалау), оны өткізу кезеңділігін директорлар кеңесі тәуекелдің маңыздылығына қарай, бірақ жылына екі реттен кем емес белгіленеді;
3) сақтандыру тобының тәуекелдеріне жүйелі стресс-тестинг пен талдау жасауды жүзеге асыру;
4) тәуекелдерді басқару әдісін таңдау және қолдану;
5) тәуекелдерді басқару жүйесін түзету.
6. Сақтандыру тобының тәуекелдерін басқару саясатында мыналар:
сақтандыру тобы қатысушыларының басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін реттейтін, оның ішінде операциялардың дұрыс жасалуын және оларға байланысты тәуекелді бақылауды қамтамасыз ету көзделетін ережелер;
сақтандыру тобында тәуекелдерді басқару мақсаттары;
тәуекелдерді басқару кезінде пайдаланылатын негізгі қағидаттар мен әдістер;
сақтандыру тобының барлық қатысушыларының қызметін ескере отырып, қаржылық көрсеткіштерге және сақтандыру тобының қатысушылары қабылдайтын тәуекелдерге, оның ішінде шоғырландырылған негізде мониторинг жасау рәсімдері, оның ішінде сақтандыру тобы тәуекелдерінің жиынтық лимиттері шегінде сақтандыру тобының әрбір қатысушысына арналған лимиттер;
сақтандыру тобы қатысушыларының тәуекелдерді дұрыс және дәйекті өлшеуін бағалау рәсімдері;
сақтандыру тобының қаржылық қызметіне, оның ішінде сақтандыру тобы қатысушыларының арасында жасалатын операцияларға мониторинг жасау рәсімдері;
сақтандыру тобының қатысушылары жасайтын мәмілелердің талаптарына қойылатын талаптар;
сақтандыру тобы қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын және төлеуге қабілеттілігін қолдау шаралары;
Ұйымның директорлар кеңесі (қатысушылардың жалпы жиналысы) мүшелерінің, атқарушы органның және жауапты қызметкерлерінің және сақтандыру тобы қатысушыларының тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері көзделеді.
7. Басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымы туралы ереже мыналарды регламенттейді:
1) директорлар кеңесінің, атқарушы органның, комитеттердің, ішкі аудит қызметінің, басшы қызметкерлердің, бөлімшелердің құрылымын, өкілеттіктерін және міндеттерін;
2) қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;
3) өзара әрекеттесу және есеп берушілік тәртібін;
4) атқарушы органның, құрылымдық бөлімшелерінің және қызметкерлердің қызметінің тиімділігін бағалау критерийлерін, оның ішінде оларға жүктелген функцияларды және міндеттерді орындамағаны (тиісінше, уақтылы орындамағаны) үшін шаралар қолдану тәртібін.
8. Басшы қызметкерлерді тағайындау және сыйақы төлеу жөніндегі саясаты Ұйымның атқарушы органы әзірлейді және мыналарды регламенттейді:
1) атқарушы органның мүшелері (мүшелерінің), басшы қызметкерлері (оның ішінде еншілес және бағынышты ұйымдардың) лауазымдарына кандидаттарын іріктеу прициптерін, критерийлерін, сыйақы мөлшерін анықтауды;
2) сыйақының түрлерін, компоненттерін, жүзеге асыру негіздемелерін (сыйақының тіркелген мөлшері, акциялар, облигациялар бойынша сыйақы, сыйақының, компенсациялық төлемдердің басқа түрлері);
3) басшы қызметкерлерінің жұмысын бағалау және сыйақыны қолдану критерийлері;
4) Ұйымның директорлар кеңесіне (қатысушыларының жалпы жиналысына) ұсынылатын жасалған сыйақы төлемдері және басқа компенсациялық төлемдері бөлігінде бюджетті игеруге, басшы қызметкерлерінің уәкілетті органның біліктілік талаптарына және ішкі лауазымдық міндеттеріне сәйкес келуін қамтамасыз етуіне қатысты атқарушы органы есебінің нысаны мен кезеңділігін.
9. Басқару есептілігін беру мерзімдері мен нысандары туралы ереже директорлар кеңесіне (қатысушыларының жалпы жиналысына) және Ұйым акционерлеріне мынадай басқару есептілігін беру тәртібін регламенттейді:
қаржылық есептілікті;
инвестициялар туралы есептерді (қаржы құралдарын баланстық және нарықтық құнын, кірістілігін, сатып алу және сатудын жалпы сомаларын көрсете отырып, топтастырумен);
сақтандыру тобының тәуекел картасының талдамасын;
сақтандыру тобының ағымдағы және болжанатын меншікті капитал қажеттілігін қысқаша талдауын.
10. Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару жүйесі шешімді қабылдаған кезде жауапкершілікті шектеуді көздейді.
11. Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің (функцияларына мыналар кіреді:
1) мыналарды қоса алғандағы тиімді тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру:
тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты әзірлеу;
сапалық және сандық тәсілдерді қоса алғандағы тәуекелдер картасын әзірлеу;
басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне қатысу;
басқарушылық шешімдердің орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу және қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтау;
сақтандыру, инвестициялық және өзге операциялар мен мәмілелер бойынша белгіленген лимиттердің орындалуын бақылау;
2) сақтандыру тобының қызметіне байланысты тәуекел көрсеткіштерінің сипаттық және сандық мәндерін анықтауды қоса алғандағы тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау, сондай-ақ тәуекелдердің барынша жоғары рұқсат етілетін мәндерін анықтау;
3) сақтандыру тобының қызметі барысында туындайтын тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдау;
4) сәйкестендірілген (анықталған) тәуекелдердің мониторингі, бағалауы және бақылау жүргізу;
5) Ұйымның тиісті бөлімшелерімен анықталған тәуекелдерді азайту бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарын әзірлеу процесін ұйымдастыру;
6) қаржылық тұрақсыздық пен төтенше жағдайдағы іс-шаралар жоспарын орындау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
7) тұрақты түрде мыналарға талдау жүргізу:
стресс-тесттер және қабылданған тәуекелдердің деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізу шегінде қаржылық көрсеткіштерге;
стресс-тесттер және қабылданған тәуекелдердің деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізу шегінде қаржы құралдарының бағалары өзгеруінің өтімділік, төлем қабілеттілігі, капитал жеткіліктілігі көрсеткіштеріне әсер етуіне;
8) Ұйымның макроэкономикалық факторлардың рентабельділікке, өтімділікке, меншікті капитал жеткіліктілігіне, сондай-ақ сақтандыру тобының басқа қатысушыларының қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеттілігі көрсеткіштеріне ықпал етуін болжамдау;
9) Ұйымның директорлар кеңесіне (қатысушылардың жалпы жиналысына) сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару жүйесінің бағалауын және талдауын қамтыған тоқсан сайынғы есепті ұсыну;
10) Ұйымның және сақтандыру тобы қатысушыларының қызметін тәуекелдерді басқару бөлігінде бекітілген ішкі құжаттарға сәйкес келуін қамтамасыз ету.
3-тарау. Ішкі бақылау жүйесі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
12. Ішкі бақылау жүйесі мынадай мақсаттарға жету үшін құрылады:
1) сақтандыру тобы қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігі, бұл сақтандыру тобының активтерін және пассивтерін басқарудың тиімділігі мен рентабельділігін тексеруді және шығындар ықтималдығын анықтауды көздейді;
2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі, толықтығы және уақтылылығы, бұл дәйекті және сапалы қаржылық есептілігінің жасалуын тексеруді және шешімдерді қабылдау үшін сақтандыру тобы қатысушыларының пайдаланылатын басқа қаржы құжаттардың тексеруін көздейді;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, бұл сақтандыру тобы қатысушыларының Қазақстан Республикасы заңнамасын, сондай-ақ сақтандыру тобы қатысушыларының ішкі саясатын және рәсімдерін анықтайтын құжаттар талаптарының сақтауын тексеруді көздейді.
13. Сақтандыру тобының ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі ішкі құжаттарда мыналар:
ішкі аудит қызметі жүзеге асыратын тексерулер;
келісу және құқық беру жүйесі;
Ұйымның және сақтандыру тобы қатысушыларының әр түрлі бөлімшелеріне тиісті бақылау;
тәуекелдерге лимиттердің сақталуын тексеру және анықталған бұзушылықтарды жоюды кейіннен бақылау;
шоттарды салыстырып тексеру және екі жақты тексеру жүйесі;
мүлікті түгендеуді қоса алғанда, бақылаудың тиісінше құрылымын құруы көзделеді.
14. Сақтандыру тобының ішкі бақылау жөніндегі ішкі құжаттарда:
сақтандыру тобы ұшырайтын барлық тәуекелдер;
ішкі бақылау жүргізудің масштабы және жиілігі;
сақтандыру тобының ішкі аудит жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптар айқындалған.
15. Ішкі бақылау жүйесінің мониторингі тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Сақтандыру тобының ішкі құжаттарында ішкі бақылау жүйесінің мониторингін жүргізу тәртібі анықталады. Сақтандыру тобының қатысушылары ішкі бақылаудың, оның ішінде сақтандыру тобының қызметіне ықпал ететін өзгеріп отыратын ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып, тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін оны жетілдіру жөніндегі қажетті іс-шаралар қабылдайды.
16. Ішкі бақылау жүйесінің мониторингін Ұйымның әр түрлі бөлімшелерінің, операциялар мен мәмілелерді және олардың бухгалтерлік есеп пен есептілікте көрсетілуін жүзеге асыратын бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ ішкі аудит қызметі жүзеге асырады.
Сақтандыру тобының әр түрлі қызметіне бақылауды жүзеге асырудың мерзімділігі олармен байланысты тәуекелдерге, сақтандыру тобы қызметінің бағыттарында болатын өзгерістердің жиілігіне және сипатына орай анықталады.
Қарау нәтижелері құжаттанады және сақтандыру тобының тиісті басшыларына жіберіледі.
17. Ішкі бақылау жүйесінің сәйкестігін тексеру үшін Ұйымда және сақтандыру тобы қатысушыларында ішкі аудит қызметі құрылады (шаруашылық серіктестіктері үшін тексеру комиссиясы) немесе ішкі аудитордың функциясын жүзеге асыратын жауапты тұлғаға (бұдан әрі - ішкі аудит қызметі) өкілеттік беріледі.
Ішкі аудит қызметінің мақсаты сақтандыру тобы қызметінің барлық аспектілері бойынша ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің барабарлығын және тиімділігін бағалау, сақтандыру тобының қатысушылары бөлімшелерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауының жай-күйі туралы уақтылы және дәйекті ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмысты жақсарту бойынша пәрменді және тиімді ұсынымдарды ұсынуы болып табылады.
18. Ішкі аудит қызметі Ұйымның директорлар кеңесінің (қатысушылардың жалпы жиналысының) барабар ішкі бақылау жүйесінің болуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша функцияларды жүзеге асыру барысында туындаған міндеттерді ішкі бақылау жүйесінің объективті бағалауын және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдарды беру жолымен шешу мақсатында құрылады.
19. Ішкі аудит қызметі өзінің қызметінде Ұйымның жарғысын, ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру және ішкі аудит қызметі туралы ережені, сондай-ақ Ұйымның қызметін регламенттейтін басқа да ішкі құжаттарды басшылыққа алады.
20. Ішкі аудит қызметінің негізгі функциялары:
1) Ұйымның директорлар кеңесіне (қатысушылардың жалпы жиналысына) ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы есеп дайындау;
2) ағымдағы жылда ішкі және (немесе) сыртқы аудит жүргізілуге тиіс сақтандыру тобы операцияларындағы тәуекелдерді анықтау;
3) Ұйымның директорлар кеңесіне (қатысушылардың жалпы жиналысына) және сыртқы пайдаланушыларға ұсынылатын қаржылық ақпараттың дәйектілігі мен дұрыстығын анықтау;
4) сыртқы және ішкі аудиторлармен анықталған бухгалтерлік есептегі немесе ішкі аудиттегі кез келген елеулі кемшіліктерді айқындау;
5) сақтандыру тобы қатысушыларының Қазақстан Республикасы заңнамасын, сақтандыру тобының ішкі құжаттарын сақтауын анықтау;
6) ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің барабарлығы мен тиімділігін тексеру және бағалау;
7) сақтандыру тобының тәуекелдерін бағалау әдістемесінің қолдану толықтығы мен тәуекелдерді басқару рәсімдерін тексеру;
8) деректер базасының тұтастығын және оларды рұқсат етілмеген кіруден қорғалуын бақылауды, күтпеген жағдайда іс-қимыл жоспарының болуын қоса, автоматтандырылған ақпарат жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін тексеру;
9) бухгалтерлік есеп пен есептіліктің дәйектілігін, толықтығын, объективтігін және уақтылылығын, сондай-ақ ақпарат пен есептілікті жинақтау мен ұсынуының сенімділігін және уақтылылығын тексеру;
10) сақтандыру тобы мүлігінің сақталуын қамтамасыз етуге қолданылатын тәсілдерді (әдістерді) тексеру;
11) жасалатын операциялардың экономикалық мақсатқа сай болатынын және тиімділігін бағалау;
12) ішкі құжаттардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігін тексеру;
13) ішкі бақылаудың процестері мен рәсімдерін тексеру;
14) сақтандыру тобының ішкі құжаттары болуының толықтығына мониторинг жүргізу болып табылады.
21. Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру туралы ережесінде мыналар көзделеді:
барлық бөлімшелерге тұрақты ішкі бақылау жүргізу, сондай-ақ үшінші тұлғаларды тарта отырып қызмет;
ішкі аудит қызметінің тексерілетін бөлімшенің қызметімен байланысты, оның ішінде заңмен қорғалатын коммерциялық немесе өзге құпияны құрайтын немесе конфиденциалды ақпараты бар барлық құжаттарға қол жеткізу құқығы;
функционалдық міндеттерді орындаудың Ұйымның басшы қызметкерлерінен немесе бөлімшелерінен және сақтандыру тобына қатысушылардан тәуелсіздігі және ішкі аудит қызметінің Ұйымның директорлар кеңесіне (қатысушылардың жалпы жиналысына) есеп беруі;
сақтандыру тобының ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктерін талқылау үшін бірлескен кездесулерді өткізу;
ішкі аудит қызметінің орындалуы Ұйымның бөлімшелері және сақтандыру тобына қатысушылар үшін міндетті болып табылатын жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі өкілеттері;
оларды оңтайлы орындау мақсатындағы ішкі бақылау нәтижелері бойынша қолданылатын Ұйымның бөлімшелері және сақтандыру тобына қатысушылары өткізетін және жоспарлайтын іс-шаралар мониторингі.
22. Ішкі аудит қызметі туралы ережеде мыналар:
ішкі аудит қызметінің мақсаттары және қызмет саласы;
ішкі аудит қызметінің мәртебесі, оның құзыреті, міндеттері және басқа қызметтермен қарым-қатынастары;
ішкі аудит қызметінің есеп беруі айқындалады.
Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарға қосымша |
"__________________________"
(Ұйымның атауы)
________________жылғы
(кк/аа/жж)
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуін бағалау жөніндегі есебі
№ | Талаптардың тиісті тармағын, тармақшасын, абзацын көрсету | Талапқа сәйкес келуін бағалау | Айқындалған кемшіліктер | Кемшіліктерді жою бойынша қабылданған (жоспарланған) іс-шаралар (іс-шараның мазмұны, орындалу мерзімдері) | Жауапты орындаушылар (тегі, аты, (бар болса - әкесінің аты), лауазымы, байланыс ақпараты) |
1 |
|
|
|
|
|
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуінің жалпы бағалау:
_________________________________________________________
_______________________________________________________
Кестені толтыру бойынша түсініктеме:
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуін бағалау мынадай критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
1) ТС - "толығымен сәйкес келеді"
критерийді орындаған жағдайда;
2) ІС - "ішінара сәйкес келеді"
талап (кемшіліктер) критерийінен ауытқуын анықтаған жағдайда, олар Ұйымның келешекте осы критерийді орындауға жететініне күмән туғызуына жеткілікті деп саналмайды, ауытқулар басшылықтың бақылауына алынған және жақын арада жойылады;
3) СК - "сәйкес келмейді"
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптар критерийін орындамаған жағдайда;
4) Қ - "қолданылмайды"
егер Ұйым тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын жеке талаптарды бағалауды жүзеге асырған күніне қолданбаған жағдайда. "Қолданылмайды" бағалауы Ұйымның Талаптардың критерийлерін орындаған үлесінің есебіне кірмейді.
Ұйымның бірінші басшысы (не оның орнындағы тұлға):
______________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, (бар болса - әкесінің аты) қолы күні)
Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы:
______________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, (бар болса - әкесінің аты) қолы күні)
Ішкі аудит қызметінің басшысы:
__________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, (бар болса - әкесінің аты) қолы күні)