Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 24.01.2014 № 56 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 12-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6875 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 125-126 (26546-26547) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауда:
33-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сигнал берулерді, жол қозғалысын ұйымдастыру объектілерін (бағдаршамдар, электрондық және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру құралдарын орнату және жөндеу;»;
38-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жолдың қозғалысын, байланысын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша жолды жайластыру және орналастыру;
жолдарды немесе олардың жекелеген учаскелерін сәулеттік ресімдеу және жайластыру;
аялдамалық, отырғызу алаңдарын және автопавильондарды жабдықтау;
демалыс алаңдарын (күркелері, су көздері, қарау шұңқырлары немесе жолдағы автомобильді профилактикалық байқау үшін эстакадасы және басқа да жайластырулары бар), аялдама немесе автомобиль тұрағына арналған алаңдарды, аялдау қапталдарын оларға өту-жылдамдық жолағын жабдықтаумен (соның ішінде әр түрлі деңгейлерде) жүргіншілер өткелдерін, сондай-ақ елді мекендер шегінде өтетін қауіпсіздік аралдарын, тротуарды, жол учаскелеріндегі жүргіншілер жолдарын жабдықтау;
күрделі жөндеу өтіп жатқан учаскелерде тосқауыл қоршауларын, бағыттайтын құрылғыларды және жол белгілерін жаңадан жабдықтау немесе ауыстыру;
жүріп өту үшін ақы алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешенін, сондай-ақ, зияткерлік көлік жүйесін (ЗКЖ), жабдықтау және тиісті жабдықтарды монтаждау;
автомобиль жолдарының бір және әр түрлі деңгейдегі қолданып жүрген қиылысулары мен жанасуларын, сондай-ақ, барлық жолдағы немесе оның учаскелеріндегі жекелеген өтпелерді, түсетін жерлерді және вираждарды, желілік жол қызметі ғимараттарына және жолдың сервистік кешеніне кіреберістерді жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау;
қолданып жүрген жазғы трактор жолын, жөндеу кезеңіндегі уақытша айналма жол құрылысын жаңадан орнату және қайта орнату немесе дүлей апаттардан қираған жол учаскелерін қалпына келтіру;
жолдың жекелеген учаскелерінде, көпірлерде және паромдық өткелдерде электрмен жарықтандыруды, жол желілік (телетаспа) немесе радиобайланыстың және технологиялық байланыстың басқа құралдарын жабдықтау;
қозғалысты есепке алу пункттерін, жолдың, оның жекелеген элементтерінің, құрылыстардың және одан өтетін көлік ағындарының жұмыстарын зерделеу үшін қажетті қар өлшейтін және су өлшейтін посттарды және басқа құрылғыларды орнату және жабдықтау;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу (қазандықтарға тозаң тұтатын құрылғыларды салу, су көздерін ластанудан қорғау және басқа жұмыстар);
қажетті коммуникациялық желілерге қосу арқылы көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг жүргізу үшін өлшеу құрылғыларын, құрал-жабдықтарды орнату және бағдарламалық қамтамасыз ету;
күзетті талап ететін стратегиялық маңызды объектілерде күзет жүйесін және бейне бақылауды орнату.».
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (З.С. Сағынов) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В. Склярға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев