"Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 166/314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 7 ақпандағы N 11/171 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 27 ақпанда N 7440 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес және «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 3-тармағының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 166/314 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5825 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Саяси партияларды қаржыландыру ережесінде:
      төртінші тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Саяси партиялардың қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатының мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда, соңғы сайлаудың қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партияларға дауыс беру кезінде берілген әрбір сайлаушы дауысы үшін ең аз жалақы мөлшерінің үш пайызын ескере отырып айқындалады.».
      алтыншы тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Парламент Мәжілісінің депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау өткізілген жылы саяси партияларға республикалық бюджет қаражатынан төленетін сомадағы айырмашылық осы Ереженің 3-тармағының талаптарын ескере отырып, нақтылануы тиіс».
      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы 2012 жылғы бірінші қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      Төрағасы                                   Қ. Тұрғанқұлов

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      хатшысы                                    Б. Мелдешов

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      ___________________ Б.Б. Жәмішев
      2012 жылғы 22 ақпан

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және ақпарат министрі
      _____________ Д.Қ. Мыңбай
      2012 жылғы 25 ақпан