Жәнібек аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 29-1 "2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 7 шілдедегі № 33-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 18 шілдеде № 7-6-126 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 1-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 06.09.2013 N 224 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдама беру арқылы жұмысқа орналасуды қажет ететін мүгедектерді квоталанған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға қолдау көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.З. Ысқақоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

            Аудан әкімі                          Ж. Қожанов