Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 28-2 "2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 20 тамыздағы N 34-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 тамызда N 3071 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 4 сәуірдегі N 2-13 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Теректі аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 18 қазандағы N 410 және Теректі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 19 қазандағы N 33-17 "Ауданның кейбір елді мекендерін тарату туралы" бірлескен қаулы және шешімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданының кейбір елді мекендері таратылсын:
      Долин селолық округі бойынша Ақсай ауылы;
      Долин селолық округі бойынша Жаңаталап ауылы;
      Төңкеріс селолық округі бойынша Алебастрово ауылы;
      Федоровка селолық округі бойынша Шарақап ауылы.
      2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі            Сессия төрағасы
      Б. Ізмұхамбетов        М. Джакибаев
                             Облыстық мәслихат хатшысы
                             М. Құлшар