"2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 34/2-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі N 39/6-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 05 қазанда N 5-19-155 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы N 245 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 25.12.2013 № А-13/407 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 28/8 «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім мамандарының лауазымдарының тізбесін келісу туралы» шешімінің негізінде, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сандықтау ауданы әкімдігінің «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» 2008 жылғы 27 наурыздағы № А-3/55 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-16-77 нөмірімен тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2008 жылдың 14 мамырында жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесіндегі:
      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «3. Білім мамандарының лауазымдары:
      мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы, орынбасары;
      барлық мамандықтың мұғалімдері;
      мұғалім;
      педагог-психолог;
      әдіскер;
      инструктор;
      мастер;
      тәрбиеші;
      вожатый;
      музыкалық жетекші;
      кітапханашы;
      медициналық бике;
      лаборант;
      кітапхана меңгерушісі;
      әлеуметтік педагог;
      педагог-ұйымдастырушы.».
      2. Сандықтау ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі                        Қ.Сүйіндіков