2011 жылғы 18 наурыздағы № 332 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 мамырдағы N 383 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 23 мамырда N 5-19-149 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 2/2893 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының 2011.12.29 N 2/2893 хаты).

     Қадрлық өзгерістерге байланысты, Қазақстан Республикасының «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
      1. 2011 жылғы 18 наурыздағы № 332 «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» қаулыға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 30 наурызда № 5-19-145 тіркелген, «ЛЗ-Сегодня» газетінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 14 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының 1-қосымшасындағы:

«Чурбанов Марат Давлетканұлы

Шемонаиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы»

       жолы келесі редакцияда жазылсын:

«Абдрахманов Ринат Жақанұлы

Шемонаиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, комиссия төрағасы».

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкiмiнiң орынбасары Т.Д. Колтуноваға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Шемонаиха ауданы әкiмiнің
      міндетін атқарушы                          Г. Акулов

      Келiсiлдi:

      Шемонаиха ауданы қорғаныс
      iстерi жөнiндегi бөлiмі бастығының
      уақытша міндетін атқарушы                  Р. Абдрахманов