Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 2 наурыздағы № 1/144 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 839 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 наурыздағы «Вечерний Алматы» газетінің № 36 санында және 2010 жылғы 18 наурыздағы «Алматы Ақшамы» газетінің № 33 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі А. Есімов
Алматы қаласы әкімдігінің
2011 жылғы «30» желтоқсандағы
№ 4/1125 қаулысына қосымша
Нысаналы топтарға жататын адамдардың
қосымша тізбесі:
1. Колледждерді және кәсіптік лицейлерді бітірушілер.
2. Ұзақ уақыттан бері (он екі және одан да көп ай) жұмыс істемейтін тұлғалар.