Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы N 328/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 29 желтоқсанда N 12-10-116 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы N 4/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 11.01.2016 N 4/1 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес Май ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ауданның селолық округтері әкімдерімен бірлесіп, тиісті селолық округінде қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуге арналған объектілерді белгілесін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Шайхымовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Пішенбаев

  Май ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
N 328/12 қаулысына
қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған
түлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері

      1. Тұрмыстық қалдықтарды жинау.
      2. Аумақты қызылсу мұздан тазарту.
      3. Аумақты қардан тазарту.
      4. Аумақты қоқыстан тазарту.
      5. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту.
      6. Аумақты арамшөптен тазарту.
      7. Қоқысты жинау және шығару.
      8. Жас бұтақтарды кесу.
      9. Ағаштарды кесу.
      10. Ағаштарды актау.
      11. Ағаштар егу.
      12. Гүлзарларды бөліп отырғызу.
      13. Көгалдарды қолмен қайта қазу.
      14. Шөпті шабу.
      15. Қоқысты жинау және шығару.
      16. Ғимараттарды актау.
      17. Ғимараттарды сырлау және өзге де жөндеу жұмыстары.