Облыстық мәслихаттың (IV сайланған XXIX сессиясы) 2010 жылғы 13 желтоқсандағы "2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" N 324/29 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2011 жылғы 24 маусымдағы N 362/35 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 30 маусымда N 3188 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облыстық мәслихаты аппарат басшысының 2014 жылғы 03 қыркүйектегі N 1-11/560 хатымен)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қазандағы № 1101 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Павлович Рауға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К Мәсімов